Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісуда жарты жылда 61 құқықбұзушылық тіркелді

22 Шілде, 2025
Жетісуда жарты жылда 61 құқықбұзушылық тіркелді
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының мемлекеттік Еңбек инспекциясы департаменті тарапына жарты жыл ішінде азаматтардан 300-ден астам өтініш тіркеліп, қаралды. Атап айтсақ, талап-тілектер еңбек құқығы, еңбек даулары, жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттері, қауіпсіздік мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы мәселелеріне қатысты болды. Сондай-ақ, Еңбек кодексінің баптарын түсіндіруді сұраған өтініштер де аз болмады.
Азаматтардың арыз-шағымдары негізінде 56 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 61 заңбұзушылық фактісі анықталды. Оның 55-і – еңбек заңнамасының, 6-уы – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына қатысты.
Тексеріс нәтижесінде облыс бойынша 14 кәсіпорында 266 жұмыскерге 120 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек бар екені анықталып, бұл сома толық көлемде өтелді. Жұмыс берушілерге қатысты еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 3 млн-нан астам теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Барлық айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.
Департаменттің мәліметінше, еңбек заңнамасының жиі кездесетін бұзушылықтары – жалақыны уақытылы төлемеу, еңбек шартын жасаспай жұмыс күшін пайдалану, еңбек жағдайларының талапқа сай болмауы және өндірістік жарақаттардың орын алуы.
Сонымен қатар облыс аумағындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек қызметіне байланысты 12 жазатайым оқиға тіркеліп, 13 жұмыскер түрлі деңгейде зардап шекті.
Еңбек инспекциясы департаменті өкілінің айтуынша, азаматтар еңбек құқығының бұзылуына байланысты жағдай орын алса, E-otinish сервисі немесе департаментке жазбаша арыз-шағым түсіре алатындарын жеткізді.
Бұдан бөлек, шет елден келіп жұмыс істейтін мигранттардың да еңбек құқығын қорғау мақсатында Жұмыспен қамту басқармасының жанында шетел күшін пайдалануды қарастыратын комиссия құрылған. Мұнда шет елден келген мигранттарды жұмысқа орналастыру, еңбек шартын рәсімдеу жүргізіледі. Сол арқылы еңбек құқықтары да қорғалмақ.

Алдыңғы мақала

“Селті” шекара бөлімшесінде сарбаздарды қарсы алу рәсімі өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу экономикасы: өндіріс көлемі өсіп, инвестициялар артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.