2025 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 182 525, 3 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайызға артық.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,9%-ға азайып, өңдеу өнеркәсібінде 7,5%-ға ұлғайып, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 14,1%-ға өсті. Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметтегі көрсеткіш 3,1%-ға төмендеді.
Биыл қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 90 331,2 млн. теңгені немесе 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 103,0 %-ды құрады.
Осы жылдың қаңтар-маусымында көліктің барлық түрінің жүк айналымы 7 593,3 млн.ткм-ді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 141,2%-ды көрсетуде. Жолаушы айналымы 272,2 млн. жкм-ге жеткен. Өткен жылмен 91,4%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 126447,0 млн. теңгеге жетті. Бұл 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 137,1%-ға тең.
Биылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 10,6%-ға артып, 127,8 мың шаршы метр болды. Олардың көппәтерлі тұрғын үйлері 51,5%-ға ұлғайды. Бұл ретте пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 14,1%-ға азайды. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 178047,5 млн. теңгені немесе 2024 жылдың қаңтар-маусыммен салыстырғанда 129,5% көрсетіп тұр.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 506 бірлік. Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға ұлғайып, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8270 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7013 бірлікті көрсетуде. Шағын кәсіпорындар саны 6 779 бірлікке жеткен. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар саны 6 463 бірлік болса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8% -ға ұлғайды.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика
бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті.










