Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Өрт қаупі жоғары маусым: Цифрлық технологиялар Жетісудағы жағдайды қадағалауда

7 Тамыз, 2025
Өрт қаупі жоғары маусым: Цифрлық технологиялар Жетісудағы жағдайды қадағалауда
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында табиғи өрттердің алдын алу және олардың туындау қаупін азайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Өрт қаупі жоғары маусым басталғалы бұл мәселе Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында.

Бүгінде Жетісу облысында 2 млн астам  гектар орман қорын жеті орман шаруашылығы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты үш табиғат қорғау мекемесі – «Жоңғар Алатауы», «Алтын Емел» ұлттық парктері мен «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығы қорғайды. Бұл мекемелердің базасында 16 өртке қарсы станция жұмыс істейді. Ормандардағы жағдайды ғарыштық  мониторинг, бір бейнебақылау камерасы және 14  дрон аппараты арқылы бақылау жүзеге асырылуда.

Биыл өрт қаупі маусымы басталғалы өңірде 5 орман өрті тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға көп. Ірі өрттер Жаркент, Бөрлітөбе, Алакөл және Үштөбе орман шаруашылықтарының аумақтарында орын алды.

Сонымен қатар, жалпы ауданы 433,5  гектар дала аумақтарында 97 жану оқиғасы тіркелді. Оқиғалар саны 14%-ға артқанына қарамастан, өрт шалған аумақ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға азайды.

Өрттермен күресу үшін 3098 адам және 529 техника бірлігі дайындыққа келтірілді. Елді мекендерде 115 ерікті өртке қарсы құрылым және 49 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Олар 798 техника бірлігімен және 2 мыңнан астам жеке құраммен жабдықталған.

Профилактикалық рейдтің нәтижесінде 69 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 37-сіне ескерту берілсе, 32-сі айыппұл төледі.

Мамандар орман алқаптарына бару кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді: от жақпау, шылым шекпеу және қоқыс тастамау. Ережелерді жеке сақтау – өрттердің алдын алудағы маңызды шара.

 

Алдыңғы мақала

Таза ауыл – таза болашақ: Жастар экологиялық мәдениетті дәріптеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында мал шаруашылығы саласына цифрлық бақылау енгізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.