2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілді.
«Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен бекітілген.
Аталған стандартты Қазақ тамақтану академиясының, медициналық университеттердің және елдің басқа да жетекші диетологтарының қатысуымен Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы әзірледі.
Жаңа оқу жылына арналған Бір реттік ыстық тамаққа арналған перспективалы төрт апталық маусымдық мәзір Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген типтік мәзір негізінде әзірленді (№ 103-НҚ 27.08.2025ж).
Перспективалы төрт апталық маусымдық мәзірде ет тағамдарын дайындау үшін жылқы еті, сиыр еті, сондай-ақ құс еті (тауық еті, күркетауық) қолданылады. Ет тағамдары көкөніс гарнирлерімен және салаттармен біріктіріледі.
Мәзірде аптасына 2 рет ет, яғни сиыр және жылқы еті, 2 рет құс еті (тауық, күркетауық), 1 рет балық беріледі.
Жұма күні дәстүрлі күн ретінде жылқы етінен бешбармақ және құрт беріледі.
Сусындар ретінде сүт, сүт қышқылы сусындары: иогурт, айран, компоттар беріледі.
Тамақ дайындау кезінде қайнату, пісіру, бумен пісіру, бұқтыру сияқты тәсілдер қолданылады.
Самат Ахметов,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.










