Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Адам папиллома вирусына қарсы егу

29 Қыркүйек, 2025
Адам папиллома вирусына қарсы егу
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Адам папиллома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. АПВ-ның 200ден астам типі бар.  Оның 14 типі онкогенді. АПВ – жатыр мойны обыры, тік ішек обыры және басқа да қатерлі ісіктер сияқты күрделі аурулардың дамуына себеп болады.

АПВ-ның пайда болу себептері: адам папилломавирусынан туындаған аурулар жасырын басталатын, созылмалы тұрақты ағымы бар ауруларға жатады,  инфекция қатерсіз және қатерлі ісіктермен пайда болады.

Инфекция көзі ауру адам немесе тасымалдаушы. АПВ адамнан-адамға инфекция жұқтырған терімен, шырышты қабаттарымен және дене сұйықтықтарымен тікелей тұрмыстық жанасу, жыныс жолы, босанған кезде тікелей берілу жолымен, өзін-өзі жұқтыру арқылы беріледі.

Клиникалық көрінісі аурудың формасына байланысты әр түрлі диаметрлі қабыну белгілері жоқ қалыпты тері түсінің паппиламатозды түзілімдерімен сипатталады. Олар ыңғайсыздық тудыруы және аздаған қышумен бірге жүруі мүмкін.

Адам өз денесінде папилломавирустық инфекцияның болуын білмеуі мүмкін, сондықтан олар жасырын инфекция көзі болып қала береді. Шындығында, ауру ұзақ уақыт бойы симптомсыз болуы мүмкін, вирус ағзада бірнеше айдан бірнеше жылға дейін жасырын түрде болады, өзін көрсетпейді.

«АПВ жұқтыру қаупі: балаларда, жасөспірімдерде және 16-20 жас аралығындағы жас пациенттерде, иммундық жүйесі әлсіреген науқастарда, тіндердің зақымдалуы кезінде, зиянды әдеттері бар науқастарда, жүкті әйелдерде, несеп-жыныс инфекцияларымен ауыратын науқастарда, көптеген жыныстық серіктестері бар адамдарда, эндометриозы бар әйелдерде жоғары. Сүйелдің өсу қарқыны адамның ағзасына байланысты. Иммунитеттің төмендеуімен, жүктілікпен немесе терінің зақымдануымен олар тез өсіп, ағзаның басқа да жерлерін зақымдайды»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Алдын алу: АПВ-на қарсы егу – аурудың дамуын болдырмаудың қарапайым және қолжетімді әдісі. Қазіргі заманғы АПВ вакцинасы адамды онкогендігі жоғары штаммдардан қорғайды. Қазақстанда 2024 жылдың күзінен бастап Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы ерікті вакцинациялау және 12-13 жастағы қыз балаларға толықтыра вакцинациялау жүргізілуде. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза.

АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі органдардың қатерлі ісіктерінен қорғайтын екінші екпе.

Алдыңғы мақала

Қонақүйлер мен хостелдерге қойылатын талаптар қандай?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордадағы жәрмеңке: Жетісудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 155 тоннадан астам өнім әкелді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.