Дүйсенбі, 8 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Ақсулық шаруалар 67,9 мың тонна астық жинап, қант зауытын жаңғыртты

11 Желтоқсан, 2025
Ақсулық шаруалар 67,9 мың тонна астық жинап, қант зауытын жаңғыртты
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті аудан басшыларымен өткен баспасөз маслихатында Ақсу ауданының әлеуметтік — экономикалық жағдайын аудан әкімі Берік Тынышбаев баяндады. Аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші ауыл шаруашылығы. 2025 жылдың 10 айында 48,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде өсімдік шаруашылығының үлесі — 28,5 млрд теңге. Астық жинау жұмыстары толық аяқталып, 67,9 мың тонна астық бастырылды. 2,4 мың гектардан 70 мың тонна қант қызылшасы жиналды. Қайта өңдеу саласында күрделі жөндеуден өткен қант зауыты толық қуатына шықты, инвестор зауытты дамытуға 25 млрд теңгеге дейін қосымша инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Мал шаруашылығында мал басы 5,4%-ға өсті. «Nat AGRO» ЖШС-гі 2200 басқа арналған бордақылау алаңын салуда. Суармалы жерлерді дамытуға ерекше назар аударылып, республикалық бюджеттен бөлінген 7 млрд теңге есебінен Қызылағаш суару массивіндегі жаңа желілердің 82%-ы салынды. Су тапшылығын шешу үшін Бүйен өзеніне су қоймасын салуға ТЭН әзірленуде.
2025 жылы 3,5 мың гектар аумақта жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістері қолданылады. Соңғы үш жылда 142 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, оның 73,3 мың гектары айналымға тартылды.
Өнеркәсіп саласы тұрақты дамуда, 10 айда өндіріс көлемі 9,4 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32,1 млрд теңгені құрап, жыл соңына дейін 42,2 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Энергетикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында Бүйен өзеніне құны 2,5 млрд теңге болатын «Арасан ГЭС» салу жобасы қарастырылуда.
Тұрғын үй құрылысында 10 ай ішінде 12,2 мың шаршы метр мәйтін пайдалануға берілді. Салынған 140 тұрғын үйдің 24-і пайдалануға беріліп, қалған 116-сы «Отбасы банк» арқылы берілетін болады. «Ауыл – Ел бесігі» аясында Матай және Есеболатов ауылдарындағы мәдениет үйлерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 665 млн теңгеге 7 елді мекендегі 12,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Аудандағы 43 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысы аяқталды, 31 елді мекен мен 65 әлеуметтік нысанды газдандыру жоспарлануда.
Ақсу ауданынданының есепті кезеңінде 1919 жаңа жұмыс орны құрылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 18 азаматқа жалпы сомасы 28 млн 310 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.
Білім саласында Көлтабан ауылында 120 орындық мектеп және 25 орындық шағын орталық жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, Жансүгіров ауылындағы мектеп-гимназияға күрделі жөндеу жүргізілді.
Денсаулық сақтау саласында 8 дәрігерге 10 млн теңгеден көтерме жәрдемақы төленді. Ұлттық жоба аясында Көкжайдақ, Қаракөз және Жаңалық ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Алайда аудандық ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының баяулығына байланысты мердігерге қатысты шаралар қабылданып жатыр.

Алдыңғы мақала

Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тырысқақтың алдын алу

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.