Дүйсенбі, 8 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Тырысқақтың алдын алу

15 Желтоқсан, 2025
Тырысқақтың алдын алу
1
БӨЛІСУ
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Тырысқақ – бұл «vibrio cholerae» деп аталатын бактерия тудыратын жедел ішек инфекциясы, аса қауіпті инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы ауру.

Ауру адам ағзасынан көп мөлшерде сұйықтық жоғалтып, ауыр сусыздануға алып келеді. Егер уақытында көмек көрсетілмесе, қауіпті асқынуларға соқтыруы мүмкін.

         Жұқтыру механизмі – фекальді-оральді, тырысқақ қоздырғыштарының жетекші берілу жолы – су, сирек жағдайда тұрмыстық-байланыс, тағам.

Жұғу жолдары:

  • ластанған немесе қайнамаған суды ішу арқылы;
  • жуылмаған көкөніс пен жемістерді пайдалану кезінде;
  • тағамның дұрыс сақталмауынан;
  • ауру адаммен немесе оның пайдаланған заттарымен жанасқанда жұғуы мүмкін.

Тырысқақ вибрионы адам ағзасына зақымдалған тамақ пен суды тұтынған кезде ауыз арқылы енеді.  Сондай-ақ, адам тырысқақты науқасқа күтім жасаған кезде қолданған тұрмыстық заттары арқылы жұқтыруы мүмкін.

Ластанған су айдындарында шомылған кезде суды жұтып қойған жағдайда жұғуы мүмкін.

Тырысқақ ауруы интоксикациямен, ағзаның сусыздануымен және нәжісте микробтардың бөлінуімен бірге жүретін жедел энтериттің дамуымен сипатталады.

Бұл инфекция бірнеше сағат ішінде ауыр сусыздандыруға және өлімге әкелуі мүмкін.

Тырысқақ диагнозы ең алдымен клиникалық көрінісі негізінде эпидемиологиялық жағдай және бактериологиялық расталу мәліметтерін ескере отырып қойылады.

Тырысқақтың клиникелық  белгілер: қызба (температура – 37оС  және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, бұлщық ет тартылуы, сонымен бірге тырысқақтан қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет.

Басқа жіті ішек жұқпаларынан тырысқақ клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру қабілетімен ерекшеленеді. Осы ерекшеліктері үшін тырысқақ аса қауіпті жұқпалар тобына жатады. Тырысқақтың алдын алу инфекцияның елге әкелінуін болдырмау шараларына негізделген. Сондықтан тырысқақ Казахстан Республикасының аумағында санитариялық қорғау шараларын жүзеге асыруды қажет ететін аурулар тізіміне енгізілген.

Тырысқақтың алдын алу шаралары келесідей:

  • жеке гигиена шараларын сақтау;
  • тамақ ішер алдында және әжетханаға барғаннан кейін қолды мұқият жуу;
  • қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
  • ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылу, ауызға су кіруіне жол бермеу;
  • теңіз өнімдерін шикілей  пайдаланбу;
  • азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алу;
  • жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу.

Тырысқақ ауруының белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуге және қолайсыз нәтиженің алдын алуға мүмкіндік береді.

Тырысқақтың алдын алудың негізгі шараларын сақтау арқылы, сіз осы қауіпті жұқпалы ауруды жұқтырудан  сақтана алатыныңызды ұмытпаңыз.

Индира Кунбасова,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.

Алдыңғы мақала

Ақсулық шаруалар 67,9 мың тонна астық жинап, қант зауытын жаңғыртты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Инфекциялық емес аурулар – заманауи қоғамның басты денсаулық қатері

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.