Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

“Қазақстанда ешкім кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырамайды”

17 Желтоқсан, 2025
“Қазақстанда ешкім кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырамайды”
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram
Бүгін Human Rights Watch халықаралық ұйымы «Қазақстанда журналистерге қысым көрсетуді тоқтатуға» шақырды. Алайда бұл үндеу нақты жағдайды толық білмеуден туындағаны анық. Соңғы күндері Қазақстанда кейбір қылмыстық істерге халықаралық назар аударту мақсатында «азаптау» туралы негізсіз ақпараттар әдейі таратылып жатыр. Аталған істер бойынша жауапкершілікке тартылғандардың арасында медиа саласының өкілдері де бар.
2022 жылдан бастап елімізде медиа және ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған жүйелі реформалар жүзеге асып келеді. Бұл өзгерістер журналистердің кәсіби мәртебесін көтеруге және олардың құқықтық тұрғыда қорғалуына бағытталған.
Соған қарамастан, кейінгі уақытта ақпараттық кеңістікте журналистер мен БАҚ-қа «жүйелі қысым көрсетіліп жатыр» деген мәлімдемелер жиі айтылуда. Кейбір қылмыстық істердің фигуранттары мен олардың қорғаушылары тергеу барысында азаптау болғаны туралы айып тағып жүр. Осындай дәлелсіз мәлімдемелер қоғамды да, шетелдік құқық қорғау ұйымдарын да жаңсақ пікірге жетелеп отыр.
Адам құқықтарының бұзылуы туралы кез келген тұжырым нақты фактілерге, дәлелдерге және заң талаптарына негізделуге тиіс. Эмоцияға немесе қоғам назарын аударуға бағытталған әрекеттерге жол берілмеуі керек.
Мемлекет сөз бостандығы мен БАҚ еркіндігін Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық міндеттемелерде бекітілген негізгі құндылықтар ретінде ұстанады. Дегенмен, сөз еркіндігі заң талаптарын елемеуге немесе жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік бермейді. Бұл қағида барлық құқықтық мемлекеттерге ортақ.
Журналистердің қызметіне, БАҚ жұмысына немесе нақты қылмыстық істерге қатысты барлық мәселелер заң аясында, процессуалдық нормалар толық сақтала отырып, кінәсіздік презумпциясы мен қорғау құқығы қамтамасыз етіле отырып қаралады.
Қазақстанда ешкім кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырамайды. Тергеу және процессуалдық әрекеттерді сөз бостандығына қысым ретінде көрсету — қоғамдық пікірді әдейі бұрмалау.
Бұл істер белгілі бір көзқарастарға немесе редакциялық саясатқа емес, жекелеген азаматтардың нақты құқықтық талаптарына байланысты қаралып жатыр және оларды уәкілетті органдар заң шеңберінде тексеруде.
Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шеңберінде журналистердің құқығын қорғауға және істердің әділ әрі ашық сотта қаралуына барлық қажетті жағдай жасауға дайын.
Осы орайда халықаралық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамды тергеу аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырамын. Расталмаған ақпарат тарату мен тергеу органдарына қысым жасау ел ішіндегі тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін. Егер сотта айыптылардың кінәсі дәлелденсе, жасаған әрекеттеріне сай заң алдында тиісті жазасын алары сөзсіз.
Аида БАЛАЕВА,
Премьер-министрдің орынбасары —
Мәдениет және ақпарат министрі
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов: мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін барлық ресурсты жұмылдыруы тиіс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтан уланудың алдын алу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.