Сенбі, 29 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

29 Қаңтар, 2026
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан экономикасының «қызып кету» ықтималдығы қаупін көрсететін Халықаралық валюта қорының бағалауы елде болып жатқан құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, қосымша контекстті талап етеді.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткішті талдау экономиканың шамадан тыс артуда емес, дұрыс трансформация кезеңінде екендігін айқын көрсетеді.

«Қызып кету» ұғымы ресурс тапшылығына әкелетін ықтимал мүмкіндіктен артық өсуді білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай белгі байқалмайды.

2023 жылдан бастап жұмыссыздық деңгейі тұрақты, 4,6-4,7% деңгейінде. Жалақының өсу қарқыны ЖІӨ динамикасынан артта қалып отыр. Бұл қызып кеткен экономикаға тән емес.

Нақты сектордың немесе тауар өндірісінің өсуі (2025 жылы 8,7%-ға) қызмет көрсету секторының өсуінен (5,3%-ға) айтарлықтай озып кетті. «Қызып кету» кезіндегі классикалық көрініс керісінше жүріп, қызметтер мен сатылмайтын секторлар нақты секторға қарағанда тез өспек.

Қазақстанда қалпына келтіру және құрылымдық өсу байқалады. Өткен жылы экономиканың 6,5%-ға өсуі және 2026 жылы жоспарланған динамика 5,0%-дан кем емес деңгейде өндірістік қуаттың нақты артуымен, өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен нығайтылды. Бұл ұзақмерзімдік перспективада экономиканың сапалы өсу әлеуетін қалыптастырады.

Бұл ретте 2025 және 2026 жылдардағы экономиканың негізгі драйвері мұнайға жатпайтын сала, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, логистика және ішкі сауда болып қала береді.

2025 жылы өңдеу 6,4%-ға өсті. Ол машина жасау өндірісінің 12,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың 17,5%-ға, металл бұйымын өндірудің 13,6%-ға, тамақ өнімін өндірудің 8,1%-ға, химия өнеркәсібінің 9,8%-ға, сусынның 9,7%-ға, резеңке мен пластмасса өндірісінің 7,6%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Ортамерзімдік перспективадағы экономикалық саясатта сауда секторын дамытуға, өңдеу өнеркәсібін қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады.

Тау-кен өндіру секторы, атап айтқанда мұнай-газ секторы экономика өсуінің негізгі көзі ретінде қарастырылмайды. Өңдеудегі өсу тау-кен секторындағы өсуден едәуір асып түсуі ықтимал. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру мен жаңа өндірістерді енгізу есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін артуы мүмкін.

Экономиканы әртараптандырудың жалғасуы инвестицияны негізгі капиталға өңдеу өндірісі мен көлік-логистикалық кешеннің пайдасына қайта бөлумен қатар жүреді. Бұл экономиканы сыртқы күйзелістерге, энергия ресурсы бағасының өзгеруіне төзімді етеді.

Инфляцияға келетін болсақ, өткен жылы Үкімет қабылдаған тарифтік саясатты түзету мен ӘМАТ бағасының өсуін тежеу шарасының арқасында 2025 жылғы қазаннан бастап, жылдық инфляцияны бәсеңдетудің нақты тренді байқалды (қыркүйекте 12,9%-дан желтоқсанда 12,3%-ға дейін). 2025 жылғы ең жоғары мәндерден кейін (қыркүйекте 12,9%) инфляция жоспарлы төмендеу кезеңіне өтті. Болжам бойынша, ағымдағы жылы инфляция деңгейі төмендей береді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 9-11%таргеттелетін дәлізде қалыптасады.

Биылғы жылғы маңызды дезинфляциялық фактор 2026 жылғы бюджет пен бюджеттік ережелерді, оның ішінде Ұлттық қордың трансфертін, бюджеттік шығыстың өсуі мен борыштың деңгейін қатаң сақтауға негізделген фискалдық саясат параметрі болмақ.

2026 жылғы бюджетте Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту көзделмеген. Кепілдендірілген трансферт 2 770 млрд теңге мөлшерінде қатаң шектелген.

2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке сәйкес мұнайға жатпайтын тапшылықты 2025 жылғы 7,3%-дан биыл ЖІӨ-ге 4,9%-ға төмендету жоспарланған.

Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандық экономика – өсуді ынталандыру мен макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау арасындағы прагматикалық теңгерімнің мысалы. Ағымдағы динамика «қызып кетуді» емес, үдемелі құрылымдық трансформацияны көрсетеді: еліміз тек тұтынып қана қоймай, негізгі қаржылық көрсеткішті бақылап, бюджеттік тәртіптің белгіленген ережесін сақтай отырып, өз болашағына белсенді инвестиция салуда.

 

Алдыңғы мақала

Бірыңғай цифрлық платформа

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Экономика Казахстана демонстрирует устойчивый и сбалансированный рост

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
565

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.