Сенбі, 29 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 Қаңтар, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында әділет органдарында «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында цифрлық жобалар сәтті іске асып, халықтың құқықтық  сауаттылығын арттыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл туралы Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Бексұлтан БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады.

Құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 98 «Құқық кабинеті» ашылды. Бұл кабинеттер негізінен шалғай ауылдардағы клубтар мен әкімшілік ғимараттарда, «Egov» бұрыштарының базасында орналасқан. Онда азаматтар «Әділет» және «Заң» ақпараттық жүйелерін тегін пайдаланып, мамандардан кеңес алуда. Өткен жылы бұл кабинеттерге 570-тен астам адам жүгінсе, жалпы алғанда жыл бойы өткізілген 25 кеңес беру іс-шарасы аясында 2 мыңнан астам тұрғынға құқықтық бағыт-бағдар берілді.

«Цифрлық  Әділет» жобасы аясында ең көп сұранысқа ие қызметтердің бірі – «Е-нотариат» жүйесі болды. Енді Жетісу тұрғындары видеоқоңырау арқылы үйден шықпай-ақ, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімін рәсімдей алады. Қауіпсіздік үшін биометриялық сәйкестендіру және екі факторлы аутентификация қолданылады. Осы жүйенің игілігін көрген облыс тұрғындары онлайн форматта 1000 астам сенімхат пен 372 келісімді заңды түрде бекітті. Сонымен қатар, «E-ZanKomegi» жүйесі мен мобильді қосымшасы арқылы азаматтар 59 адвокат пен заң кеңесшісінің білікті көмегіне қол жеткізді».

Сот актілерін орындау саласындағы революциялық жаңалық  – «Робот сот орындаушысы» болды. 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдарды  өндіруді енді автоматтандырылған жүйе жүзеге асырады. Бұл азаматтарды жеке сот орындаушысына төленетін 25% қызмет ақысынан босатып, облыс бойынша тұрғындардың 82 млн теңгесін үнемдеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, құжаттарды апостильдеу қызметі де толықтай цифрлық форматқа ауысты. Жыл басынан бері 1390 құжатқа апостиль қойылса, оның 267-сі электронды түрде рәсімделген.

2026 жылы Әділет министрлігі жасанды интеллект негізіндегі чат-ботты және «Тараптар кабинеті» цифрлық құралын толық іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жүйелер заңнамалық база бойынша 24/7 режимінде тегін кеңес беріп, атқарушылық істердің ашықтығын қамтамасыз етпек.

Бүгінгі таңда өңірдегі 109 жекеше нотариус 320 мыңнан астам іс-әрекет жасап, мемлекет қазынасына 209 млн теңгеден астам салық аударды. Ал адвокаттар мен заң кеңесшілері 4600-ден астам азаматқа мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсетіп, әлеуметтік жауапкершіліктің биік үлгісін танытты.

Алдыңғы мақала

Экономика Казахстана демонстрирует устойчивый и сбалансированный рост

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алу шарасы өтті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
565

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.