Сейсенбі, 9 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Жетісу облысының активі жаңа Конституция жобасын қолдады

2 Ақпан, 2026
Жетісу облысының активі жаңа Конституция жобасын қолдады
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram
Жетісу облысында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған өңір активімен кездесу өтті. Кеңеске аудан және қала әкімдері, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
– Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығына сәйкес конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Оның аясында енгізілетін өзгерістерді талқылау үшін жұмыс тобы жасақталды. Аталған топтың құрамына облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева енгізілді. Бүгінгі күнге дейін Конституциялық комиссияның алты отырысы өткізілді, – деді өңір басшысы.
Одан кейін жаңа Конституция жобасы бойынша жан-жақты түсіндірме жасаған Гүлнар Тойлыбаева Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізілгенін атап өтті.
Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформа ел тарихындағы маңызды кезеңге айналды. Негізгі заңның жаңа жобасы — сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің алты айлық еңбегінің нәтижесі.
– Негізгі заңға енгізіліп отырған тұжырымдамалық өзгерістер мемлекеттің адамға бағытталған сипатын күшейтуге бағытталған. Әділетті Қазақстан идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты конституциялық бағдар ретінде бекітілуде. Мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, өмір сүру сапасын арттыруға және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға жауапкершілік алады. Бұл жоба әрбір адам өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін күшті, заманауи әрі орнықты Қазақстанның берік негізін қалайды. Өңір тұрғындары жобаның ел мен аймақ болашағы үшін маңызын терең түсіне отырып, оған кең қызығушылық танытуда, – деп қорытындылады облыс әкімі.
Кездесу барысында өңір активінің өкілдері конституциялық өзгерістерді қолдап, оларды облыстың барлық тұрғындарын кеңінен тарта отырып, ашық түрде талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фототілші: Дмитрий Ерофеев
Алдыңғы мақала

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОСДП: конституционная реформа — это выбор модели справедливого и подотчётного государства!

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
553

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.