Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Білім мен ғылым мәселесінің конституциялық тұғыры

24 Ақпан, 2026
Білім мен ғылым мәселесінің конституциялық тұғыры
4
БӨЛІСУ
46
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

2026 жылғы Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым саласына мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде назар аударылды деуге негіз бар. Мәселен, оған Жобаның кіріспе бөлімінде білім мен ғылым құндылықтары ерекше аталып, «мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып…», – деген ұстанымға негізделгені кепіл. Бұл тезис Конституцияның жалпы философиялық негізінде білім мен ғылымды жалпы ұлттық даму стратегиясының априорлық субстанциялық негізі болатынын бекіте түседі. Ал жаңа Конституция жобасы преамбуласында осындай ой тұжырымның айтылуы – еліміздің заңнамалық жүйесінің философиялық контексте онтогенездік, антропогенездік, рухани-аксиологиялық когнитивтік түп-болмысын анықтап тұрса керек. Сондықтан, Жаңа Конституция жобасы білім мен ғылымды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп жариялайды.

Бұл – бұрынғы Конституциядан (1995 ж. қабылданған және 2022 ж. түзетілген) салыстырмалы түрде елеулі жаңалық болмақ. Білім мен ғылым енді жеке құқықтық міндет ретінде ғана емес, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары ретінде көрініс тауып отыр. Сонымен бірге, Конституция білім мен ғылымды мемлекеттік идеологияның өзегіне қоя отырып, оны қоғамды дамыту үшін ұзақ мерзімді инвестиция ретінде бекітеді. Демек, білім мен ғылым қазақ қоғамының болашағын айқындайтын – негізгі фактор десек болады.

Ендігі жерде, білім саласы мемлекет үшін стратегиялық бағдар деп мойындалып, ол әлеуметтік мемлекет ұстанымымен әр азаматтың тұлғалық құқықтық кепілдігіне алынуы мүмкін. Басқаша айтқанда, жоба мәтіні бойынша бұған дейін жүзеге аспаған нақты нормативтік өкімдердің келешегіне жол ашылмақ деп есептейміз. Білім саласының стратегиялық мәртебесі – оның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, әрі құқықтық ынталықты күшейтетініне сенім мол. Дегенмен, оның нақты іске асырылу тетіктері: қаржы, стандарттар, бақылау, зерттеу сияқты жағдайлар бөлек заңдар мен нормативтік актілермен егжей-тегжейлі белгіленуі тиіс болар деген ой туындайды.

Енді білім саласына қатысты айтылған баптар мен тармақтарға «білім идеалы» тұрғысынан жасалған философиялық тұрғыда зер салатын болсақ, талдау тарихи-философиялық, аксиологиялық және өркениеттік тәсілдерді біріктіре қарастыруға жол ашады. Білім идеалы – белгілі бір тарихи кезеңде: қандай білім құнды деп танылады, білімнің мақсаты не, білім мен адам, қоғам, мемлекет арасындағы қатынастың үлгісі қалай түсіндірілетінін айқындайтын философиялық-мәдени өлшем болып мойындалғаны философия тарихынынан мәлім. Философиялық дәстүрде, антикада білім идеалы – даналық пен ізгілікке жету, Жаңа заманда – рационалдық пен прогресс болса, қазіргі кезеңде – адам капиталы, тұрақты даму, жауапкершілік білім идеалының өзегіне айналғаны анық. Осы тұрғыдан 2026 жылғы Жаңа Конституция жобасы қазіргі өркениеттік білім идеалын құқықтық деңгейде бекітуге ұмтылып отыр десек артық айтпағандық. Білім идеалы тұрғысынан алғанда, Конституция жобасындағы білімге қатысты нормалар  тек жеке адамның құқығы ғана емес, немесе тек мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде ғана емес, бұл норма утилитарлық білім моделінен (тек маман даярлау) өркениеттік-гуманистік модельге көшуді білдірсе керек. Білім экономикалық құрал емес, адамның кемелдену формасы, мемлекеттің ұзақ мерзімді болашағын айқындайтын рухани-интеллектуалдық ресурс ретінде көрінеді. Мұнда білім идеалы тұрғыдағы субъект «бәсекеге қабілетті адам» емес, «жауапты, саналы, мәдениетті тұлға» ретінде қалыптасады дейтін эпистема қалыптасса керек. Философия тілімен айтқанда, білім идеалы – тұлғаның онтологиялық қалыптасу шарты десек болады.

Ғылым дамуы да Конституцияда стратегиялық басымдық тұрғыда мойындалған. Бұған дейін Конституцияда ғылымға тікелей арнайы баб жоқ болатын; сала қаржыландыру, ғылыми кадрлар, академиялық еркіндік салалары заңдар деңгейінде өңделетін деуге болады. Бұны стратегиялық тұрпатта бағалайтын болсақ, Конституцияға ғылымды стратегиялық бағыт ретінде енгізу саяси нысан ретінде маңызды – бұл салаға бюджеттік, институционалдық және құқықтық қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді деп санаймыз. Алайда, Конституцияның мәтіні жалпы бағытты бекіткенімен, нақты құзыреттер мен міндеттерді (мысалы, зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми кадрларды қорғау) заңдар мен мемлекеттік бағдарламаларда айқындау қажет болады деп есептейміз. Ғылым туралы нормаларды білім идеалы тұрғыдан сараптайтын болсақ, ғылымның конституциялық деңгейде мойындалуы Жоба мәтінінде ғылым инновациямен, адам капиталымен, ұлттық даму мақсаттарымен тікелей байланыста қарастырылады.  Бұл философиялық тұрғыда ғылымды таза теориялық танымнан қоғамдық жауапкершілікке ие таным кеңістігі ретінде қайта түсіндіру деп санаймыз. Білім идеалы тұрғысынан келгенде, ғалым – тек «білуші субъект» емес, қоғам алдындағы моральдық жауапты субъект деп танылмақ. Бұл идея В. Гумбольдт іліміндегі  білім мен ғылым бірлігі, ХХ ғ. экологиялық философиядағы жауапты рационалдылық қағидаттарымен үндес десек болады.

Қорыта айтқанда, жоғарыда көрсетілгендер білім мен ғылыми өнімді коммерцияландыру, лицензиялау және инновациялық белсенділікті қолдаудың заңдық негізін күшейтеді деген тұжырымға бізді жетелейді деген сөз. Жаңа Конституция жобасындағы білім мен ғылым нормалары адамды тек құқық иесі емес, сонымен бірге, ең бастысы адамды мәдени-рухани субъект ретінде тануға негіз болады деп есептейміз. Мәселені мемлекеттік саясатқа ықпалы тұрғысынан алғанда, Конституция деңгейінде білім мен ғылымды стратегиялық бағытта алу білім беру мен ғылыми даму саласына институционалдық тұрақтылық пен ұзақ мерзімді саясатты қалыптастыруға септігі мол болатыны анық. Бұл бағыттар конституциялық деңгейде бекітілгендіктен, кейінгі заңдар мен мемлекеттік бағдарламалар бұдан былай осы басымдықтарға сәйкес құрылады дегенге сенім мол. Жаңа Конституция жобасындағы білім мен ғылым нормаларының пәрменді тұсы: білім мен ғылымды құндылық деңгейіне көтерілуі; прагматизм мен гуманизмнің үйлесуі; болашаққа бағытталған рухани стратегиялық ойлау жүйесі алғышартының қалыптасуына жол ашылуы десек болады.

Дәулетбек РАЕВ,

философия ғылымдарының докторы, профессор

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Жетісу облысы прокуратурасы студенттер мен сотталғандар арасында телемост ұйымдастырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Құрылтай – жаңа Парламенттің бағдары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.