Панфилов аудандық ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың қатысуымен «Ұлттық қауіпсіздік және адам құқықтары» тақырыбында жария пікірталас өтті.
Іс-шараға аудандық ақпараттық орталықтың өкілдері, қауіпсіздік саласының сарапшылары, жергілікті белсенділер мен тұрғындар қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 20 адам.
Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктері, адам құқықтарын сақтау мәселелері, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жолдары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қауіпсіздік пен құқықтық тепе-теңдікті сақтау бағытында бірқатар ұсыныстар білдірді.

Пікірталас ашық форматта өтіп, еркін сұрақ-жауап алаңына ұласты. Бұл өз кезегінде қоғам мен сарапшылар арасындағы сындарлы диалогты дамытуға мүмкіндік берді.










