Бүгін Панфилов ауданында «Ұлтаралық келісім және конституциялық құндылықтар» тақырыбында сарапшылық пікірталас өтті. Кездесу Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен ұйымдастырылып, қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау, конституциялық құндылықтарды кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.
Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді азаматтар қатысты. Пікірталас барысында қатысушылар ел ішіндегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңыздылығына тоқталып, Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған теңдік, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарының қоғам өміріндегі рөліне назар аударды.
Ақсақалдар кеңесінің мүшелері жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, өзара сыйластық пен түсіністікке тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ көпэтносты қоғам жағдайында ұлтаралық татулықты сақтау – мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі екені айтылды.
Кездесу барысында конституциялық құндылықтарды күнделікті өмірде жүзеге асыру, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған нақты бастамалар мен ұсыныстар ортаға салынды. Қатысушылар ашық пікір алмасып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.
Іс-шара ел бірлігін нығайтуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.










