2026 жылдың 19 ақпан күні Әйелдер істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп «Гендерлік теңдік және конституциялық нормалар» тақырыбында панельдік талқылау өтті.
Іс-шараға азаматтық сектор өкілдері қатысып, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері, Конституцияда бекітілген тең құқықтар мен мүмкіндіктер қағидаттары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөлі, құқықтық қорғау тетіктері және гендерлік саясаттың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасу жүргізілді.










