Ел дамуының әр кезеңі өзінің тарихи сұранысын алға тартады. Қоғам жаңарып, экономикалық және саяси қатынастар күрделене түскен сайын мемлекеттің негізгі заңы да заман талабына сай жетілдіріліп отыруы заңды құбылыс. Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес, ол – мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенімнің, жауапкершілік пен міндеттің алтын арқауы. Сондықтан жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі – бүгінгі күннің өзекті әрі тағдыршешті қадамы.
Жаңа Конституцияның басты артықшылығы – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нақтылай түсуінде. Мемлекеттік басқару жүйесінде өкілеттіктердің айқын бөлінуі, Парламенттің рөлінің күшеюі, Үкіметтің жауапкершілігінің артуы – елдегі саяси тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде қоғамның билікке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Адам құқықтарын қорғау тетіктерінің жетілдірілуі – жаңа Конституцияның маңызды басымдығының бірі. Азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, заң алдында теңдігін қамтамасыз ету, сот төрелігінің тәуелсіздігін күшейту – құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері. Жаңартылған нормалар азаматтардың құқықтарын тек декларативті түрде емес, нақты құқықтық механизмдер арқылы қорғауға бағытталады.
Сонымен қатар жаңа Конституция қоғамның саяси қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Азаматтардың сайлау процесіне, қоғамдық бақылауға, жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді араласуы – демократиялық мәдениеттің қалыптасуына негіз болады. Халықтың мемлекет ісіне араласу деңгейі артқан сайын, қабылданатын шешімдердің сапасы да жоғарылайды.
Экономикалық тұрғыдан алғанда да жаңаКонституция тұрақты дамуға серпін береді. Инвестициялық ахуалды жақсарту, меншікқұқығын қорғау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдаусекілді нормалар экономиканың әртараптануына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Құқықтық айқындық пен тұрақтылық – бизнестіңсенімді жұмыс істеуінің басты кепілі.
Жаңа Конституция – тек құқықтық реформаныңқұралы емес, ол – қоғамдық келісімнің символы. Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам жағдайындабірлік пен татулықты сақтау, ортақ құндылықтардыбекіту аса маңызды. Негізгі заңда бекітілгенқағидаттар қоғамның тұтастығын нығайтып, ұлттық мүддені қорғауға қызмет етеді.
Әрбір тарихи кезеңде халық өз болашағынайқындайтын шешімдер қабылдайды. ЖаңаКонституцияны қабылдау – мемлекеттің даму бағытын айқындап, заман талабына жауап беретінқұқықтық негіз қалыптастыру жолындағы жауаптықадам. Бұл – әділетті, ашық және тиімдімемлекеттік жүйе құруға бағытталғанреформалардың заңды жалғасы.
Түптеп келгенде, жаңа Конституция – жаңарғанқоғамның, кемелденген мемлекеттің берік тірегіболуға тиіс.
Жомарт ҚОНЫСБАЕВ,
Ішкі саясат бөлімінің басшысы.










