Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

19 Ақпан, 2026
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазір Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Вашингтон қаласында жүр.

Американың The National Interest басылымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сенімділік – жаңа күш” атты мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент мақалада қазіргі кезеңде тұрақтылық ең сирек кездесетін стратегиялық ресурстардың біріне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, қақтығыстар көбейіп, геосаяси бәсекелестік күшейіп барады. Ал халықаралық институттар тығырыққа тірелу, поляризация және қоғам сенімінің төмендеуі салдарынан жиі дәрменсіз күйге түседі.

Көптеген жылдар бойы әлемдік саясат жаһанданудың белгілі бір үлгісінің ықпалымен қалыптасты. Негізінде бұл идея бастапқыда қате болған жоқ. Оның мақсаты өзара байланысқан әрі баршаға ашық халықаралық тәртіп құру еді. Қағаз жүзінде бұл ұтымды да сындарлы бастама болып көрінді. Алайда уақыт өте келе бұл тұжырымдама бұрмаланды. Ол шектен тыс идеологиялық алғышарттарға негізделген модельге айналды: жауапкершіліксіз инклюзивтілік, шектеусіз еркіндік және егемендікке басымдық беретін қоғамдардың, прагматик саясаткерлердің, сондай-ақ ақылға жүгінетін азаматтардың ұстанымдарын елемейтін “моральдық үстемдік” түсінігі алға шықты. Соның салдарынан жаһандану идеясы әлем бойынша жүздеген миллион адамның көз алдында біртіндеп өз заңдылығы мен сенімін жоғалта бастады, – деп жазды Президент.

Оның пікірінше, бұл сенім дағдарысы кездейсоқ туындаған жоқ. Оған мемлекеттік институттарда, халықаралық құрылымдарда және жетекші елдердің саяси жүйелерінде тамыр жайған, бұрын-соңды болмаған ауқымдағы жемқорлық фактілерінің әшкереленуі әсер етті. Мұндай схемаларға белгілі саясаткерлердің қатысы болуы, солшыл идеологиялық ұстанымдармен байланыстырылатын үкіметтерге қатысты сын көзқарасты одан әрі күшейтті.

Қазіргі халықаралық жағдай прагматизм мен реализмге деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Бұл өзгеріс әсіресе Мюнхен қаласында айқын байқалды. Онда жоғары деңгейдегі батыс көшбасшылары айтқан мазмұнды пікірлер қарапайым шындықты тағы бір мәрте дәлелдеді: ұлттық мүддені елемеуге болмайды, егемендікке қолайсыз фактор ретінде қарауға болмайды, ал тұрақтылықты идеологиялық догмаға сүйеніп құру мүмкін емес.

Әлем ынтымақтастықтан бас тартып отырған жоқ. Ол иллюзиялардан бас тартып отыр. Қалыптасып келе жатқан жаңа доктрина қарапайым: халықаралық тәртіп заң үстемдігіне, жауапкершілікке, міндеттемелердің болжамдылығына және мәдени әрі ұлттық бірегейлікті құрметтеуге негізделуі тиіс. Бұл – оқшаулану емес, бұл – саяси кемелдік. Бұрынғы модельдің сәтсіздігі әсіресе қақтығыстарды реттеу саласында айқын көрінді. Ұзақ уақыт бойы халықаралық қауымдастық нақты нәтиже бермейтін келіссөздер, декларациялар мен конференциялардың шексіз тізбегіне сүйеніп келді. Нәтижесі белгілі: орындалмайтын келісімдер, нәтиже бермейтін дипломатия және бейбітшіліксіз “бейбіт үдерістер”, – делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласында.

Президенттің айтуынша, әлем енді мұндай тәсілге жол бере алмайды. Сондықтан Дональд Трамп бастамашы болған, Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдау көрсеткен Бейбітшілік кеңесін құру – алға жасалған маңызды қадам. Бұл шексіз пікірталастар алаңы емес. Бұл – ең алдымен Газа мен Таяу Шығыс аймағында нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған практикалық бастама, – делінген мақалада.

Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл бастаманы өзгешелейтін ең басты нәрсе – оның логикасы.

Ақ үй шынымен де жаңашыл тәсіл ұсынды: өзін ақтамаған саяси формулаларды қайталаудың орнына “тұрақты экономикалық даму арқылы бейбітшілікке қол жеткізу” деген нақты әрі түсінікті тұжырымдама алға тартылды. Яғни бейбітшілік ұран ретінде емес, нақты жоба ретінде қарастырылады: инфрақұрылым, инвестиция, жұмыс орындары және қақтығыстың қайта тұтануы тиімсіз болатын болашақ. Ауқымы мен жаңашылдығы тұрғысынан бұл бастама халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға әбден лайық, — дейді Президент.

Ол сондай-ақ Қазақстанда Дональд Трамптың саяси стратегиясымен байланысты қағидаттарға оң көзқарас қоғамдық және сарапшылық ортада жиі айтылып жүргенін атады. Тоқаев ақылға қонымдылық, дәстүрлі құндылықтарды қорғау, ұлттық мүддені сақтау және соғыстарды созбай, аяқтауға ұмтылу сияқты ұстанымдар қолдау тауып жатқанын айтты.

Бұл қағидаттар қоғамдардың ішкі сұранысына сай келеді. Көпшілік, ең алдымен, қауіпсіздік, тұрақтылық және қадір-қасиетті қалайды. Қазақстанның осы бағытты қолдауы – жай сөз емес, нақты іс. Сондықтан біз Бейбітшілік кеңесіне қосылып, оны нақты әрекеттермен қолдауға шешім қабылдадық.

Бұл – Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешімінің заңды жалғасы. Бұл тек дипломатиялық ишара емес, стратегиялық таңдау. Қазақстан әрдайым теңгерімді әрі сындарлы саясат ұстанып келеді. Біз Израильмен берік қарым-қатынас орната отырып, Палестина халқын қолдаймыз және екі мемлекет қағидатына негізделген шешімді бейбітшіліктің бірден-бір орнықты жолы деп санаймыз.

Бұл шешім ұлттық мүдделерге де сай келеді: экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту және озық технология алмасу. Кең мағынада алғанда, бұл қадам мұсылман және еврей әлемдері арасындағы диалогтың кеңеюіне ықпал етеді деп сенеміз, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, кеше Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Вашингтонға баратынын және онда Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың не мәселені талқылайты жайлы хабарладық.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Вашингтон қаласына барғанын да жаздық.Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты.

Алдыңғы мақала

«Жастардың құқықтары мен міндеттері»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда 16,7 миллиард теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.