Жұма, 28 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Саяси үдерістің бастауы

21 Ақпан, 2026
Саяси үдерістің бастауы
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram
Еліміздің басты құжатында білім, ғылым, инновация — ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде қарастырылған. Адами капитал басты орынға қойылды, мемлекеттің байлығы жер қойнауындағы ресурстар емес, білімді жас ұрпақ екені айқындалды. Дәл осындай тұщымды ойларды «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалиция мүшелері Арыстанғали Арын, Ермек Егінбаев және Ришад Тұрғанбайлар «Нұр Авиценум» медициналық орталық қызметкерлерімен кездесуде бөлісті.

Кездесуде спикерлер Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік әділеттілік қағидатын орнықтыру, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері кеңінен талқылады. Сонымен қатар, Конституцияда ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы институтын нығайту, еңбек адамының мәртебесін арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы нормаларға ерекше назар аударды.

– Жаңа Конституция жобасында қоғамда қалыптасқан жаңа ұғымдар мен құндылықтар ескерілген. Әсіресе азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесі күшейтілді. Бұл құқықтық қатынастарды әділ әрі нақты реттеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі кездесу – әрқайсымыз үшін маңызды. Біз алдағы референдум арқылы Конституцияға енгізілетін өзгерістердің қоғам өміріне қалай әсер ететінін түсінуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік аламыз. Әр пікір, әр ұсыныс – біздің ортақ мақсатымызға, әділетті және тең қоғам құруға үлес қосады, — деді Арыстанғали Арын.

Ал, Ермек Егінбаев жаңа Конституция жобасындағы саяси жаңғырту нормаларын жан-жақты түсіндіріп, реформаның жүйелік сипатына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді бекемдеу – реформалардың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатының қоғам тұрақтылығы мен әділетті дамудың басты кепілі екенін жеткізді. Ол

Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатынына ерекше тоқталды. Өз кезегінде Ришад Тұрғанбай жаңа Конституция жобасының әрбір нормасы қоғамның сұранысы мен ұсынысы негізінде әзірленгенін айтты.

Айтуынша, Жаңа Конституция бұл – болашаққа жасалған батыл әрі тарихи қадам.

Жиын соңында ақхалаттылар жаңа Ата Заң жобасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен мәдени мұраны қорғауға бағытталған нормалардың маңызын атап өтіп, қолдауға дайын екенін жеткізді.

ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ

Алдыңғы мақала

Экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі: Роман Скляр экология министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның тұғыры

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
565

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.