
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалиция мүшелері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын жан-жақты түсіндірді. Аталмыш білім ордасында еркін пікір алмасу алаңына Қуаныш Сайлаубай, Ерғазы Қошанбеков, Нұрбек Құдайберген, Сайран Жасұланұлы, Асхат Базилов қатысып, ұжым өкілдеріні тарапынан жолданған сауалдарға жауап берді.
Кездесу барысында сөз алған өңірлік коалиция өкілі Ерғазы Қошанбеков ұлттың болашағын қалыптастырып отырған ұстаздар қауымына Жаңа Конституция жобасы ең алдымен білім мен ғылымға арқа сүйейді. Бұл құжат – еліміздің ертеңін айқындайтын, жастарымыздың сапалы білім алуына кепіл болатын стратегиялық шешім екенін жеткізді.
– Ата Заңдағы өзгерістер азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақтылай түседі. Негізгі басымдық – адам және оның құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан жаңа редакциядағы Конституция әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін орнықтыруға және мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталуы тиіс. Бұл өзгерістер ел бірлігін күшейтіп, әлеуметтік тұрақтылық пен орнықты дамуға берік негіз қалайды, — деді баяндамашы.
Ал, Нұрбек Құдайберген жаңа жобада әлеуметтік кепілдіктердің күшейтілуі, еңбек құқықтарының қорғалуы және әділетті қоғам құру қағидаттары айқын көрініс тапқанын атап өтті.









