«Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел Жаркент қаласында, ЖВПК лекциялық залында өткізілді. Іс-шараға 100 адам қатысты. Қатысушылар қатарында білім беру саласының өкілдері мен студенттер болды.
Дөңгелек үстел барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының бұл бағыттағы рөлі талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын білдірді.











