Жұма, 13 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бейбіт Исабаев «Атамекен» ҰКП басшылығымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселесін талқылады

11 Наурыз, 2026
Бейбіт Исабаев «Атамекен» ҰКП басшылығымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселесін талқылады
5
БӨЛІСУ
65
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау және инвестиция тарту мақсатында тиімді өзара іс-қимылды жолға қою мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосуда Бейбіт Исабаев:

– Кәсіпкерлік – экономикалық өсудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі қозғаушы күші. Бұл бағытты дамыту мен қолдауға ел Президенті ерекше көңіл бөліп келеді. Осыған байланысты Жетісу облысында инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары да белсенді дамып келеді. Біз өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 65%-ын өзімізде өңдейміз. Дамудың тағы бір маңызды бағыты – туризм. Жалпы өңірде барлық салаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жұмыстары тұрақты жүргізіледі, – деді облыс әкімі.

Бұл ретте өңір басшысы бірқатар ірі инвестициялық жобаларды, соның ішінде металлургиялық комбинаттың, Қазақстан-Қытай халықаралық өндірістік қаласының, сондай-ақ жүк және жолаушыларға арналған әуежайдың құрылысын атап өтті. Сонымен қатар өнеркәсіп саласын дамыту мәселесіне де тоқталып, бұл кездесу Жетісу өңіріндегі шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға маңызды серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Қанат Шарлапаев кәсіпкерлікті қолдау бағытында қабылданып жатқан шараларға тоқталды:

– Біздегі іскерлік климаттың ішкі рейтингісіне сәйкес, Жетісу облысы республика бойынша шағын және орта бизнес сегментінде алтыншы орында тұр. Инвестиция тарту бойынша да жақсы нәтижелер бар. Жалпы өңірдің әлеуеті жоғары, оған географиялық орналасуы жағынан қолайлылығы да ықпал етеді. Өз тарапымыздан біз өңірдегі кәсіпкерлік саласына қолдау көрсетуді жалғастырамыз, – деген ол жуық арада елдің барлық өңірін қамтитын шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жаңа «Іскер аймақ» бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар жергілікті кәсіпкерлікті қолдаудың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

Атап өтсек, Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 62 мыңнан асады. Бұл салада шамамен 110 мың адам жұмыс істейді. Сонымен қатар өңір экономикасындағы ШОБ үлесі — 33,2%. Жалпы соңғы үш жылда аймаққа 1,5 трлн теңге инвестиция тартылған.

Алдыңғы мақала

Жас буын елдің тағдырына қатысты маңызды шешімдерден тыс қалмайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Республикалық «Наурыз FEST» акциясы Жетісу тұрғындарына жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
749
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
655
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
628
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.