Жұма, 13 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда Халықаралық волонтерлар жылы ашылды

11 Наурыз, 2026
Жетісуда Халықаралық волонтерлар жылы ашылды
4
БӨЛІСУ
52
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында Халықаралық волонтерлар жылы аясында «Zhetysu Youth Forum 2026» өңірлік жастар форумы өтті. Форум волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, студенттер, оқушылар – жалпы саны 500-дей адамның басын қосты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Еркін пікір алмасу форматында өткен форумда облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысты. Форумға қатысушылар жастардың ел дамуындағы рөлі туралы өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Негізінен волонтерлік мәдениетті дамыту тетіктері, сондай-ақ жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылатын бастамалар талқыланды.

– Бәрімізге белгілі, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын. Соған сәйкес аталған жылдың ресми ашылуы ретінде бүгін өңірлік жастар форумын ұйымдастырдық. Мұндай еркін форматтағы шаралар жастардың өзара тәжірибе алмасуына, ашық пікірталас алаңын қалыптастыруға, оларды қоғамдық және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуға ынталандырады деп ойлаймын, – деді «Jetisu jastary» КММ директоры Шамиль Ванкеев.

Басқосудың негізгі спикерлері ретінде сөз алған «Future IT» робототехника мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов озық технологияларды меңгерудің жастарға беретін жаңа мүмкіндіктері жайлы баяндады. Сол сияқты блогер, эко белсенді Дулат Набиев те спикерлер қатарында сөз сөйлеп, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Форумға қатысушылар да өз пікірлерін білдірді.

– Біздің волонтерлік қозғалысымыз шала туған нәрестелерге жүннен жылы киімдер (шұлық, бас киім, күртеше) тоқумен айналысатын адамдарды ортақ мақсатқа біріктіреді. Дайын киімдерді ауруханалардың жансақтау және патология бөлімдеріне риясыз ниетпен тапсырамыз. Біздің бұл бұйымдарымыз сәбилерді жылытуға көмектессе екен дейміз. Мейірім таныту, қайырымдылық көрсету қиын емес, тек адал ниет болса жетіп жатыр. Барлық жастарды біздің қатарымызға қосылуға шақырамын, – деді Талдықорғандағы «28 ілмек» клубының үйлестірушісі Жанна Сакович.

– Менің волонтерлік қызметпен айналысып жүргеніме екі жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде волонтерлік тек адамдарға көмектесу ғана емес, қоғаммен етене жақын болып, түрлі әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамау екенін түсіндім. Волонтерлік арқылы біз тек мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау сияқты маңызды бағыттарға да өз үлесімізді қосып келеміз. Өзім осындай жастарға арналған басқосуларға жиі қатысамын. Себебі мұндай кездесулерде өзіміз секілді белсенді жастармен танысып, ортақ идеяларды бірге талқылауға мүмкіндік береді, – деді Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 4 курс студенті Темірлан Төлеген.

Форум соңында жетісулық жастар 15 наурыздағы референдумға белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Осы орайда олар өскелең ұрпақтың ортақ болашаққа деген жауапкершілікті сезінуінің және елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Жалпы, қазір Жетісу облысында 13 волонтерлік ұйым мен 18 бастамашы топ белсенді жұмыс істейді, оларға шамамен 1100-ден аса жас тартылған. Өткен жылы  мұқтаж жандарға көмек көрсету, ескерткіштерді тазалау, экологиялық, әлеуметтік және басқа да бағыттарда 3 мыңдай волонтерлік акция ұйымдастырылды.

Алдыңғы мақала

Бейбіт Исабаев облыс тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
749
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
655
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
628
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.