Қазақстандағы маңызды саяси оқиғалардың бірі – 15 наурыздағы республикалық референдум. Бұл шара жаңа Конституция жобасының халық тарапынан қолдау табуы үшін ұйымдастырылып отыр. Жоба қоғамдағы әділеттілік, теңдік және азаматтардың құқықтарын қорғауды басты назарға алған.
Референдумға дайындық аясында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы түрлі ақпараттық науқандар жүргізуде. «Есіктен-есікке» акциялары, мектептер мен мекемелерде ашық кездесулер – халыққа Конституцияның мәнін түсіндіру және олардың пікірін тыңдау үшін жасалып отыр.
Коалиция мүшелері тұрғындарға Конституциялық өзгерістердің қоғам мен мемлекеттік басқаруға қалай әсер ететінін жан-жақты түсіндіріп, азаматтарды референдумға белсенді қатысуға шақырды. Әрбір дауыс – елдің болашағына әсер ететін шешім.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай форматтағы жұмыстар демократиялық мәдениетті қалыптастырып, әр азаматтың мемлекет ісіне араласуын ынталандырады. Референдум арқылы жаңа Конституцияның елдегі құқықтық, әлеуметтік және саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлі айқын көрінеді.
Басшыбаева Жанар Бекежановна,
Панфилов аудандық Ішкі саясат бөлімінің техникалық қызметкері










