Жаркент қаласының 100 жастағы тұрғыны Туран Бакиева бүгінгі еліміз бойынша өтіп жатқан референдумда дауыс беру үшін үйіне референдум учаскесін шақырған.
Үйінде өзінің таңдауын жасаған әжей бес баланы дүниеге әкеліп, 19 немере, 44 шөбере, 22 шөпшек сүйіп отыр. Қара жердің қадірін біліп, жастайынан трактор айдаған ғасыр анасы бүгінгі бейбітшіліктің құнын бағалау керек дейді.










