Бүгін мен өз дауысымды беріп, еліміздің болашағына өз үлесімді қостым! Әрбір азаматтың пікірі маңызды, өйткені әр дауыс – мемлекетіміздің дамуына, қоғамымыздың тұрақтылығына және келешегіміздің бағыт-бағдарына әсер етеді.
Азаматтық белсенділік – тек құқық емес, сонымен бірге елімізге деген жауапкершілігіміздің көрінісі.
Біз бірге елімізді одан әрі дамытып, мықты және бірлікте бола аламыз. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, дауысты пайдалану керек!
Бакетов Жамбыл Аленович










