Бүгін мен өз таңдауымды жасадым! Бұл – әр азаматтың өз еліне, оның болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам. Азаматтық белсенділік – тек біздің конституциялық құқығымыз ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің дамуына қосқан нақты үлесіміз.
Әрбір азамат өз таңдауын жасап, қоғамдық-саяси өмірге қатысқан кезде елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Себебі кез келген маңызды шешім халықтың пікіріне сүйеніп қабылданғанда ғана қоғам алға жылжиды.
Сондықтан мұндай сәттерде белсенділік таныту – елдің ертеңіне деген сенімнің, ортақ жауапкершіліктің белгісі. Біздің әрқайсымыздың дауысымыз – Қазақстанның тұрақты дамуына, бірлігі мен болашағына қосылған үлес.
Кенбаева Карима Бериковна










