Дауыс беру – әр азамат үшін жауапкершілік пен сенімнің көрінісі. Біз бүгінгі таңда жасаған әр әрекетімізбен болашаққа жол салып, қоғамымыздың даму бағытында өз үлесімізді қосамыз.
Сайлау – тек құқық емес, сонымен бірге еліміздің тұрақтылығы мен демократиялық құндылықтарына берілген сенім. Өз пікірімізді білдіру арқылы біз өзгерістердің бір бөлігі боламыз, ал әр дауыс – сол өзгерістердің нақты көрінісі. Бүгінгі таңдауымыз – ертеңіміздің кепілі. Әр дауыс – болашаққа салынған нақты қадам.
Реханбуви Баратова Хакимжановна










