Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Наурызнама – 2026: Талдықорғанда «Шаңырақ күнінде» төрт жұп салтанатты түрде неке қиды

17 Наурыз, 2026
Наурызнама – 2026: Талдықорғанда «Шаңырақ күнінде» төрт жұп салтанатты түрде неке қиды
2
БӨЛІСУ
25
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Талдықорған қаласында Наурызнама онкүндігінің «Шаңырақ күні» аясында «Отбасы – қоғам тірегі» атты іс-шара өтті. «Jetisy jastary» КММ ұйымдастырған салтанатты жиында төрт жұп некелерін қиды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік шарадағы ақсақалдардың бата беру рәсімін ерекше атауға болады. Қариялар жас жұбайларға отбасылық өмірдегі сыйластық, төзімділік пен өзара қолдаудың маңыздылығын айтып, ақ тілектерін білдірді. «Отбасы әрқашан біздің қоғамның негізі болып келген және солай болып қала береді. Бір-біріңді қадірлеңдер, сыйлаңдар және әрдайым қолдаңдар, сонда ғана одақтарың берік болады», – деді ақсақал.

Ұйымдастырушылар жас қалыңдықтар мен күйеу жігіттерді құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті. Салтанат сарайында жас шаңырақ иелеріне жылы лебіздер айтылды.

Жас жұбайлар да мерекелік көңіл күйде әсерін бөлісті. Ақжан Наурызбеков пен Жанель Серік өзара таныстықтарының бір жыл бұрын басталғанын, ал Наурыз мерекесі қарсаңында шаңырақ көтеруді ұйғарғандарын айтты.

– Бүгін – біз үшін өте маңызды күн. Жаңару мен бірлік мерекесінде үлкендердің батасын алғанымызды жақсыға балап отырмыз. Бұл біздің қол ұстасып, бастаған жаңа өмірімізге берік сенім мен ерекше шабыт береді. Отбасы – бұл тек махаббат қана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік екенін түсінеміз. Қолдауларыңыз бен жылы лебіздеріңізге рахмет, – деді олар.

«Jetisy jastary» КММ өкілдері мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіндегі маңызы зор екенін атап өтті:

— Бүгінгі өткізген іс-шарамыздың басты мақсаты – жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтының маңыздылығын нығайту, жас жұбайларға рухани-мәдени бағдар беру. Біздің міндетіміз — ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылықтарды ұрпақтың есіне салу. Отбасы – бұл мемлекеттің негізі, сондықтан жастар бірлесіп жаңа өмір бастап жатқанда оларға қолдау көрсету қажет, — деді «Jetisy jastary» КММ директоры Шамиль Ванкеев.

Алдыңғы мақала

Азаматтармен өзара әрекеттесу мәселелеріне қатысты сот актілерін апелляциялау мәселелері және сот билігінің тәуелсіздігінің негіздерін түсіндіру қажеттілігі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Заң факультеті – құқықтық саналы қоғам қалыптастырудың негізі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.