Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Су ресурстары және ирригация министрінің қатысуымен Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды

23 Наурыз, 2026
Су ресурстары және ирригация министрінің қатысуымен Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
5
БӨЛІСУ
68
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастады.
Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 28 бұлақта өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірді. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылды.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы Жалғызтал бұлағын тазалау жұмыстарына қатысты. Бұлақ Айша бибі ауылынан 16 шақырым жерде орналасқан.
Сондай-ақ «Мөлдір бұлақ» акциясы аясындағы іс-шаралар Жамбыл облысының Меркі, Сарысу, Шу, Талас, Рысқұлов, Байзақ және Қордай аудандарындағы жеті бұлақта өтті. Бұлақтарды тазалау жұмыстарына Су ресурстары және ирригация министрлігі мамандары, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының, Шу-Талас бассейндік инспекциясының және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер мен студенттер қатысты.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен Жамбыл облысында су саласындағы алғашқы еріктілер қозғалысы – «Болашақтың қайнары» құрылды. Оның қатарына Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттері қосылды. Осындай еріктілер топтарын еліміздің басқа өңірлерінде де құру жоспарланып отыр.
«Болашақтың қайнары» қозғалысы тек экологиялық акцияларға қатысумен шектелмейді. Белсенді жастар су үнемдеуді насихаттау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарға атсалысады.
????️«Бүгінгі іс-шараға еріктілер мен студенттердің қатысып отырғаны ерекше қуантады. Мемлекет басшысы еріктілер қозғалысына әрдайым ерекше көңіл бөліп, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалап келеді. Біздің министрліктің бастамасымен елімізде алғаш рет «Болашақтың қайнары» атауымен су саласының еріктілер тобы құрылды. Бұл жұмыстың Жамбыл облысынан басталуы Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің қайта ашылуымен тікелей байланысы. Алдағы уақытта бұл бастама Қазақстанның барлық өңірін қамтиды», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ведомствоға қарайтын ұйымдардың мамандары еліміз бойынша бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазалау жұмыстарын жүргізген болатын. Іс-шараға 4 мыңнан астам адам қатысып, 300 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Қазіргі уақытта «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды. Қор және мұрағат материалдары негізінде 2772 бұлақты қамтитын карта жасақталды. Бұлақтар су ресурстары тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады.

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.