Жұма, 17 Сәуір, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады

1 Сәуір, 2026
Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелерімен кездесті. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз болды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сенаттың ресми делегациясын жылы қарсы алған Бейбіт Исабаев депутаттардың өңірге сапарларының маңыздылығын тілге тиек етіп, мұндай кездесулердің аймақты дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Өз кезегінде аталған Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев Жетісуға сапары барасында Панфилов ауданында, соның ішінде «Қорғас» торабында болғанын айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Сондықтан осы сапарымызда біз шығыс қақпамыз саналатын «Қорғас» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін көріп, кәсіпкерлермен кездестік, ұсыныстарын тыңдадық, Панфилов ауданын аралап көрдік, – деген С. Алдашев алдағы жоспарланған парламенттік тыңдауға дайындық барысында бұл сапардың пайдалы болғанын жеткізді.

Облыс әкімі депутаттарға өңірдің дамуы, соның ішінде экономикалық ілгерілеудің маңызды нүктелері «Достық» және «Қорғас» тораптары, оларда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық ірі жобалар туралы баяндап берді.

– Депутаттар мен біздің, яғни жергілікті атқарушы органдардың тығыз қарым-қатынаста, өзара кеңесе отырып жұмыс істесек, нәтижелі болатыны анық. Бүгін аймақтарды дамытудағы кейбір келелі мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететін пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Өйткені біздің мақсатымыз ортақ – елдің экономикалық қуатын арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, – деді Б. Исабаев сөзінің қорытындысында.

Алдыңғы мақала

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
798
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
795
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
759
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
658
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
631
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
550

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.