Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Сапалы білім беру – басты мақсатымыз

16 Наурыз, 2026
Сапалы білім беру – басты мақсатымыз
203
БӨЛІСУ
2.5k
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, жан жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Білім сапасы елдің әлеуметтік экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі саналады. Осы тұрғыдан алғанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сапалы білім беру үдерісі жүйелі түрде жүзеге асырылып, білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына кең мүмкіндік жасалған.

Білім ордасында оқу үдерісі заманауи талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. ҚазҰУ базасында білім беру бағдарламалары үнемі жаңартылып, еңбек нарығының сұранысына бейімделіп отырады. Пәндік мазмұн теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Аталған әрекет білім алушылардың алған білімін нақты өмірде тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Сапалы білім берудің маңызды шарттарының бірі оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі. Университетте тәжірибелі ғалымдар мен білікті мамандар білім алушыларға дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Сабақ барысында заманауи әдістер қолданылып, студенттердің сыни ойлау, талдау және шешім қабылдау қабілеттері дамытылады. Оқу процесінде цифрлық технологиялар кеңінен енгізілген. Электронды білім беру платформалары, онлайн ресурстар және интерактивті құралдар білім алушылардың оқу материалдарын тиімді меңгеруіне жағдай жасайды. Университетте білім алушылардың тәжірибелік даярлығына ерекше назар аударылады. Студенттер оқу барысында өндірістік тәжірибеден өтіп, нақты кәсіби ортада жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Мұндай тәжірибе олардың еңбек нарығына бейімделуін жеңілдетіп, кәсіби қалыптасуына негіз болады. Ғылыми зерттеулер де сапалы білім берудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Университетте білім алушылар ғылыми жобаларға қатысып, өз зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастыққа да ерекше мән беріледі. Білім алушылар академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелдік оқу орындарында білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтай алады.

Әлеуметтік қолдау жүйесі де білім сапасын қамтамасыз етудің маңызды элементі болып саналады. Университетте студенттерге жатақхана, түрлі жеңілдіктер және қолдау бағдарламалары ұсынылып, олардың толыққанды білім алуына жағдай жасалған. Жастардың тұлғалық дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Университет қабырғасында білім алушылар жауапкершілік, адалдық және кәсіби этика қағидаттарын бойына сіңіреді. Оқу ордамызда сапалы білім беру жүйесі кешенді түрде қалыптасқан. Қара шаңырақ тәжірибе жүзінде көрсеткендей, заманауи білім беру технологиялары мен тәжірибелік бағыттағы оқытудың үйлесімі жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай жүйелі жұмыс нәтижесінде білім алушылар бәсекеге қабілетті, кәсіби тұрғыда қалыптасқан маман ретінде дамып, ел болашағына өз үлесін қосуға дайын болады.

Турсынкулова Динара Ахановна,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультетінің Мемлекет және

құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық

кафедрасының ассистент профессоры, з

аң ғылымдарының кандидаты

Бақытқызы Әзиза,

Заң факультетінің 1 курс магистранты

 

Алдыңғы мақала

БҮГІН ЖЕТІСУ ӨҢІРІ ҮШІН ТАРИХИ ӘРІ МАҢЫЗДЫ КҮН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.