Сейсенбі, 9 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ағашты жердің ырысы мол

29 Сәуір, 2026
Ағашты жердің ырысы мол
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бабаларымыз «Ағашты жердің ырысы мол» деп текке айтпаса керек. Осыған орай «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында еліміздің барлық мектептерінде ағаш егу эко-челенджі өтті. Игі шараға Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы аймақтағы мектеп оқушылары да белсенді қатысты.

№18 мектеп-лицейінде өткен акцияға 9-сынып оқушылары мен «Жас саясат» кадет сыныбынан 50-ге жуық оқушы қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлдана Бейсенбайқызы экологиялық шара мектепте үнемі өткізіліп тұратынын және ол табиғатты аялаудың нақты үлгісі екенін айтты.

Акция барысында оқушылар мектеп ауласын тазартып қана қоймай, ағаш көшеттерін отырғызды. Екі қолға бір күрек ұстап, шараға белсенді қатысқан оқушылар қоршаған ортаның таза болуы адам денсаулығына тікелей байланысты екенін алға тартып, пайдалы іс-шаралар мүмкіндігінше жиі өткізіліп тұрса деген тілек білдірді. Айта кетейік, аталмыш эко-челендж еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде өтуде. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар тек аймақты абаттандыру ғана емес, өскелең ұрпақтың экологиялық санасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Дана халқымыз: «Бір тал кессең, он тал ек», «Ағашты жердің ырысы мол»  деп текке айтпаса керек. Айналаны жасыл желекке орап, отырғызылған ағаштар әсем бейнесімен көз тартарлық.

Айдар ҚАЛИЕВ

7-su.kz

Алдыңғы мақала

QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
553

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.