Сәрсенбі, 2 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: Талдықорғандағы екі зертхана жойылды

13 Мамыр, 2026
Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: Талдықорғандағы екі зертхана жойылды
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында есірткімен күрес қарқынды жалғасуда. Жыл басынан бері тәркіленген заңсыз заттардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өскен. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары туралы толығырақ Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерасыл Узаков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатынды баяндады.

Полицейлер  Талдықорған қаласында есірткі өндірісімен айналысқан екі бірдей  ірі зертхананы жойды. 4 айдың ішінде заңсыз айналымнан 101 келіден астам есірткі алынды. Оның ішінде тек марихуананың салмағы 93 келіден асса, 1 келіден астам синтетика мен 6 келіге жуық гашиш тәркіленген. Жедел іс-қимылдар барысында 43 адам құрықталды, олардың арасында есірткіні жасырын жерлерге қойып кетумен айналысқан 7 есірткі жасырушы бар. 

Тәртіп сақшылары тек көшедегі қылмыспен ғана емес, виртуалды әлемдегі наркобизнеспен де белсенді күресуде. «Кибербақылау» жүйесі арқылы 1000-нан астам есірткі сайты бұғатталса, «Антифрод» бағдарламасы 5 миллион теңге айналымы бар 313 банктік шоттың жолын кесті. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі 20 мыңға жуық күдікті шот пен 5 мыңнан астам крипто-әмиянды бұғаттауға сұраныс жіберілді.

Дәріханалар да назардан тыс қалған жоқ. «Дәрмек» операциясы кезінде полицейлер 10 дәріхананың есірткі тектес препараттарды рецептсіз сатып келгенін анықтады. Тексеріс барысында 9 мыңға жуық психотроптық ампула мен есірткі жасауға қолданылатын 23 тонна тұз қышқылы тәркіленді. Тіпті, түнгі клубтар мен кафелердегі «көңіл-күй газының» айналымына дейін қатаң тексеріске алынды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір өңірде 232 адам нашақорлық дертімен есепте тұр, олардың 40-ы – 18 бен 29 жас аралығындағы жастар. Алдағы маусым айынан бастап полиция «Қарасора-2026» ауқымды операциясына кіріспек. Ол үшін облыстың шөлейтті аймақтарын тікұшақпен барлап, есірткі алқаптарын әуеден іздеу жоспарланған. 

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында есірткіге қарсы жаңа «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» жобасы іске қосылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
965
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
566

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.