Сенбі, 10 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

2024 жылы Жетісу облысы тұтынушыларына 67 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

29 Қаңтар, 2025
2024 жылы Жетісу облысы тұтынушыларына 67 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Өткен жылы ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 1242 өтініш түскен. Нәтижесінде тұтынушыларға жалпы сомасы 67 001 915 теңге қайтарылды.
2024 жылы тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында 9 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, барлық жағдайда Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының талаптары бұзылғаны анықталды. Тексерістер қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сауда саласында өткен жылы 134 жоспардан тыс тексеріс өткізілді. Оның 117-сінде Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті сауда үстемесін асыру бойынша талаптарының бұзылғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесінің жағдайын, мәселелерін және даму перспективаларын анықтау болды. Зерттеу екі кезеңде өткізілді. Онлайн-сауалнама республикалық ауқымда soc-opros.kz сайтында жүргізілді. Нәтижесінде Жетісу облысы респонденттерінің 82%-ы «қызмет көрсету сапасына қанағаттанбағанын» жеткізген. Қанағаттанбаушылық әсіресе қалааралық/халықаралық көлік қызметтері мен такси қызметтеріне қатысты болды. Сонымен қатар «Электр энергиясын жеткізуші компаниялардың қызмет сапасына қанағаттанасыз ба?» деген сұраққа өңір респонденттерінің 70%-ы «қанағаттанбаймыз» деп жауап берген. Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарының респонденттерінің 65%-ы тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселелеріне қызығушылық танытқанын мәлімдеді.

Алдыңғы мақала

Сапалы инвестор экономиканың оң көрсеткішке ие болуының кепілі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында көші-қон саласында заңбұзушылықтар саны артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
652
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.