Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылындағы Қанапия Мылтықбаев бүгінгі саяси оқиғада алғашқылардың бірі болып дауыс берген. 96 жастағы қария Жаңа Қазақстанды құруға ат салыстым дейді.
30-дай немеренің атасы атанған қария 9 баланы асырап, бүгінгі күнге жеткізгенін айтады.
«Менің жастық шағыс ауыр деп әрі қиын кезде өтті. Бүгінгі мына жастар бақытты. Бәрі бар. Еңбеу ету керек. Бүгінгі қадам Жаңа Қазақстан үшін жасалып жатыр» деген ақсақал дауыс беруге келген тұрғындарға батасын берді.
Жалпы Панфилов ауданында ең көп жасаған 14 тұрғын тұрады. Ең көп жасағаны 104 жастағы кейуана.