Ақ кимешек
Ән салады әжелер, ақ кимешек.
Салтымызды кім біледі біз білмесек?
Атам қазақ дәстүрі ақ кимешек
Кім сүйеді қасиетін, біз сүймесек.
Қазақ елін танытқан ақ кимешек
Келіндерге кейінгі үлгі болып
Кимешекті кім киер, біз кимесек.
Қ-сы
Кеудеміздің ұятын жасырған да кимешек
Мәртебесін аналар асырған да кимешек
Қалай қазақ боламыз халқымызды сүймесек.
Кимешегі қазақтың алашқа әйгі,
Салтымызбен кейбіреу санаспайды.
Кимешек жоқ жалаң бас әжемін деп,
Жетелесе немере жараспайды.
Қара суды қайнатып мұз қылмайсың
Келін, қызға кейінгі үлгі болар –
тәрбиелі жастарға іс қылғайсың.
Қыздарменен жарысып шалбар киіп
Шәшің жайып жүргенмен қыз болмайсың.
Ақ кимешек кетпесін ақ әжелер басыңнан
Кимешексіз әйелдің періште қашар қасынан.
Ақ кимешек, ақ кимешек,
кім киеді кимешек, біз кимесек.
***
«Ақберен» әжелері ән салады
Ақберен әжелері ән салады
Әндерін тыңдаған жан тамсанады.
Республика күніне арнап ән шырқайды
Секілді айдын көлдің ақшабағы.
Кигені бүрме көйлек ақ кимешек
Кимешегі жарасар ақ гүлдей боп бақшадағы.
Қолөнер ұлттық киім бәрі де бар
Жайылған көпке жетті дастарханы.
Қоғамдық іс шарадан қалыспайды
Бұлбұлдай топпен шырқап ән салады.
Жаркент, Үлкеншыған – үлкен ауыл
Іс шара құр өткізбес бастаманы.
Ауылда ақын да бар, әнші де бар
Жарасқан ел бірлігі – ән салады.
Әкімі Үлкеншыған Еділ азамат
Жарасқан халқыменен ынтымағы.
Текемет, басқұр, сырмақ бәрі де бар
Ақберен құрметтейді әжелерді.
Ұлттық өнер сүйер жастар болса
Жалықпай үйретеміз бар өнерді.
Сайраса өз тілінде қазір жастар
Дамытып өсіреміз біз өнерді.
Байырхан ӘБДІКӘРІМҚЫЗЫ,
Үлкеншыған ауылы.