Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, алматылықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушылар миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вайц айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спикер Алматыдағы 6 сайлау учаскесін үш сағат аралағанын айтты.
«Сайлау учаскелерінде мен әр түрлі жастағы адамдарды көрдім, жастар да бар, үлкен кісілер де бар. Ешқандай наразылылық болған жоқ, мен өз көргеніме риза болдым», — деп атап өтті Ричард Уильям Вайц.
Сонымен қатар, ол 6 сайлау учаскесін үш сағат аралағанын айтты
Баспасөз орталығының спикері Қазақстанда АҚШ-қа қарағанда сайлауға барынша жауапкершілікпен қарайтынын тілге тиек етті.
«Басты айырмашылықтардың бірі осы болса керек. АҚШ-та сайлауда халқының жартысынан азы дауыс береді. Сондай-ақ АҚШ-та байқаушыларға сайлау учаскелерінің ішінде болуға тыйым салынады, олар оны сырттан бақылайды», — деді ол.