Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы бойынша қаралып жатқан істер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 1090 қылмыстық іс бар. Қазір 165 адам қамауда, олардың барлығы ауырлататын мән-жайлар кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады. Жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды. Бұл – алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар», деді С. Әділов.
Оның айтуынша 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, сотқа берілген.
«Олардың көбі ұрлық жасағандар – 196 адам. Қарудың заңсыз айналымына күдіктілер – 39, тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасағандар – үшеу», деді ол.
ІІМ өкілінің ақпаратына сәйкес бүгінге дейін ел соттары 168 адамды соттаған. Олардың көпшілігіне қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шаралары бекітілген.