Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

17 Қаңтар, 2026
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетінеберген сұхбатында білім беру мен денсаулық сақтаусалаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікжүйесін реформалау туралы атап өтті. Бұл туралыПремьер-министрдің орынбасары – Мәдениет жәнеақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

Айтуынша, бұл ретте ең алдымен, жекеменшік мектептерді, балабақшаларды, даму орталықтарын және медициналық емханаларды «жан басына сәйкес қаржыландыру» мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Осыған байланысты Үкімет жекеменшік ұйымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыс тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізіп, бірқатар көкейкесті мәселелерді анықтады. Атап айтқанда, жүйелерді ауқымды цифрландыру барысында салада бұрын байқалмаған заңбұзушылықтар мен олқылықтарды анық көрсетті. Бұл өз кезегінде аталған салалардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай келмейді. Кейінгі 8 жылда жекеменшік мектептердің саны жеті есе артты. Бүгінде олар жеті жүз сексен беске жетті. Соған сәйкес бюджетке түсетін салмақ та күрт көбейді. Шығындар 2020 жылы он үш миллиард болса, 2025 жылы екі жүз қырық екі миллиардқа дейін өсті, — деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар Аида Балаева 2020 жыл мен 2025 жылдар аралығындағы инвестициялық шығын жүз он бір миллиард теңгені құрағанын алға тартты. Бұл қаражатқа шамамен отыз бес жаңа мектеп салуға болады. 

Соған қарамастан басты мақсат – орын тапшылығы мәселесін әлі де жоя алмадық. 2025 жылы бұл жетіспеушілік екі жүз елу бір мың орынға жетті. Бұл – облыстағы тұтас бір қаланың халқымен бірдей көрсеткіш. Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасының төмендеуіне алып келді. Көптеген білім ошақтары нақты өңірлік қажеттілікті ескермей, ретсіз ашылды. Мәселен, олардың сексен пайызға жуығы жалға алынған ғимараттарда жұмыс істейді. Ал директорлардың біліктілігі мәселесі де сын көтермейді. Мектеп ғимараттары бизнес меншігінде қалып отыр. Жиырма жылдан кейін олардың түпкі мақсаты өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл жүйеге деген сенімді азайтып, бюджет қаржатының тиімділігіне күмән тудырады, — дейді Аида Ғалымқызы.

Ведомство басшысы сондықтан қазір жағдайды түбегейлі өзгерту бойынша жүйелі жұмыс басталғанына тоқталды. 

Жаңа қаржыландыру тетігі пилоттық режимде іске қосылды. Мектептер толық цифрландырылып, бюджетке сәйкес реттелді. Бірақ бұл – биылғы оқу жылының соңына дейінгі уақытша шара. Негізгі міндет – жүйені толық қайта қарау. Ең алдымен, мемлекеттік тапсырыс нақты өңірлік қажеттілікке сай болуға тиіс. Жаңа мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий енгізу ұсынылып отыр. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде тек инвестициялық шығындарды өтеу тетігін қалдыру көзделуде. Сондай-ақ білім беру саласындағы бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында, ірі мегаполистерді қоспағанда, студенттік жатақханаларды қаржыландыру уақытша тоқтату мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте барлық құқықтық және әлеуметтік тәуекелдер ескеріледі. Бағдарламаны кезең-кезеңмен тоқтату немесе шарттарын қайта қарау нұсқалары қаралуда. Дәл осындай мәселелер медицина саласында да байқалады. Үкімет азаматтардың өтініштерін ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын жекеменшік медициналық ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуде, — деді вице-премьер.

Айта кетерлігі, елімізде жиырма миллионнан астам адам алты жүз тоқсан сегіз бастапқы медициналық көмек ұйымына тіркелген. Соның үш жүз отыз алтысы, яғни шамамен қырық сегіз пайызы – жекеменшік. Оларға тіркелген халықсаны бес миллион алты жүз мың адам. Бұл – ел халқының шамамен жиырма сегіз пайызы.

2020 жылдан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін жекеменшікемханалардың саны екі жүз он бестен үш жүз отызалты ұйымға дейін өсті, ал тіркелген халық үшмиллионнан бес миллион алты жүз мыңға дейінартты. Бүгінде алғашқы медициналық көмекұйымдары республикалық бюджет есебінен, тегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлеміаясында, жан басына сәйкес қаржыландырылады. Ал 2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап бұлқызметтер міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асады. Алайда жеке емханалардың саны көбейіп, оларғатіркелген халық екі есеге жуық артқанымен, бұлмедициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасынжақсарта қойған жоқ. Бүгінде қосарланғанқаржыландыру фактілері бар. Кей қызметтерміндетті және ерікті сақтандыру арқылы қатартөленуде. Кейде көрсетілмеген қызмет үшін ақыалынған жағдайлар кездеседі, — дейді Аида Ғалымқызы.

Мәлімдеуінше, тіпті лицензиясыз, тиістіжабдықсыз жұмыс істеген ұйымдар да бар.

Бұл мәселелерді тек жүйелі өзгерістер мен толық цифрландыру арқылы шешуге болады. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың нақтықажеттіліктеріне, демографиялық және көші-қондеректеріне сүйене отырып, медициналық көмектіжоспарлауға көшуде. Белсенді емес пациенттердіқаржыландыру жүйесінен шығару жоспарлануда. Тіркелу талаптары күшейтіліп, шағын емханаларбіріктіріледі. Ал қаржыландыру көлемі ең тиімдімемлекеттік және сенімді жеке емханаларғабағытталады. Қосарланған төлем мен жалған есептіболдырмау үшін бірыңғай цифрлық бақылауенгізіледі. Барлық жүйелер біріктіріледі. Пациент көрсетілген қызметті мобильді қосымша арқылыөзі растайды. Бұл азаматтардың құқығын қорғайды. Сонымен бірге сапаны бақылау күшейе түседі. Тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесі енгізіліп, лицензиялау талаптары қатаңдайды, — дедіминистр. 

Сондай-ақ сапаны бағалайтын бірыңғаймемлекеттік жүйе жасалып, Ұлттық сапа институтын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар жеке медициналықұйымдардың қызметі кешенді түрде тексеріледі. Ұсынылып отырған барлық шаралар жан басынасәйкес қаржыландыру жүйесін жетілдіругебағытталып отыр. Біздің мақсатымыз – қаржыландыру жүйесін әділ, ашық және тиімді ету. Ең бастысы – бюджеттен бөлінетін қаражатхалықтың игілігіне, білім мен денсаулық сапасынжақсартуға жұмыс істеуге тиіс, — деді Аида Балаева.

Алдыңғы мақала

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.