Сәрсенбі, 4 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қайырымдылық – қайырлы іс

22 Қазан, 2022
Қайырымдылық – қайырлы іс
0
БӨЛІСУ
0
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтардың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді»  қағидасымен жыл басында Алмалы ауылындағы Елтінді батыр атындағы орта мектебі жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің мүшелері ақылдаса келе келешек ұрпағымызды рухани және материалдық жағынан қолдау мақсатында арнайы қор құрған болатын.

«Елімізге, жерімізге қамқор болатын елжанды азаматтар қазіргі мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан оқушылардың арасынан шығатыны себепті қордың атын «БОЛАШАҚ» деп атадық. Бұл қорға қосылған әр азамат айына өз мүмкіндігіне қарай қорға қаржы салады. Жұмысымыздың негізгі мақсаты ауыл ішіндегі тұрмысы төмен және қамқорлықсыз қалған отбасыларға демеушілік жасап,  олардың өзге азаматтармен тең деңгейде өмір сүрүіне көмек көрсету. Және сонымен қатар мектебіміздегі қамқоршысы жоқ оқушыларға қамқорлық көрсету, рухани демеу. Бұл игілікті іс-шара ауыл азаматтарының арасында кеңінен қолдау тауып,  ерікті қорға қаржы аударушылардың саны қауырт өсіп, екі жүздей адамды құрады. Қор құрылғаннан бері өзара ақылдаса келе және мектеп әкімшілігінің де ұсыныстарын негізге ала отырып тұрмысы төмен отбасылардың бес баласына мектеп формасын және қажетті оқу құрал-жабдықтарын сатып алынып тапсырылды», – дейді қордың төрағасы Болат Құрсақбай мырза.

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың денсаулығы мықты, шымыр болып өсу үшін спортық шаралардың да беретін көмегі мол. Кей кездері әртүрлі спортық жарыстарға оқушыларды жеткізу қаржылық қиындықтарды тудырады. «Болашақ» қоры бұл қиындықтан шығудың жолын көрсетіп отыр.  Мысалы, Талдықорған қаласындағы өткізілетін кіші футбол жарысына қатысатын оқушы қыздардың жол ақысына қолдау көрсетті. Сол сияқты тұрмысы төмен отбасының екі баласы ай сайын мектеп асханасынан тегін ыстық тамақтануы ұйымдастырылды.

«Ендігі кезеңде алдыға қойып отырған мақсатымыз ауылдағы материалдық жағынын аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың  балаларын  қыстық  жылы киіммен қамтамасыз ету. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп оқушыларының кітап оқу бәсекелестігін арттыруға қаржылай сыйлық тағайындау. Осы арқылы оқушылардың зияткерлік қабілетін жетілдіру. Орта мектепті бітірушілер арасында, ұлттық бірыңғай тестілеуден үздік балл көрсеткен бір ұл, бір қызға қаржылай сыйлық белгілеу. Бұл болашақта мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығын артырады деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетов республикалық, халықаралық жарыстарда озып шыққан оқушыларға жүлделер тағайындағаны белгілі. «Болашақ» қоры да осы үлгіні қолдау мақсатында республикалық, облыстық жарыстарда  жүлделі орынға ие болған мектеп оқушыларына қаржылай арнайы сыйлық ұсынбақшымыз», – деп атап өтті қор төрағасы.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дегендей қайырымдылық жасаудан шаршамайық.

Алдыңғы мақала

Жүлде жауған күн

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ата-ананың арақ ішуі – отбасының құруы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
707
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.