Антибиотиктер дегеніміз не?
Олар микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын маңызды емдік препараттар жиынтығы. Олар ашылғаннан бері антибиотиктер заманауи медицинаның негізіне айналды. Бұл клиникалық тәжірибенің барлық дерлік салаларында кеңінен қолданылатын дәрілердің жалғыз тобы. Мұның себебі қарапайым – антибиотиктер инфекциялармен күресуге арналған.
Антибиотиктерге төзімділік дегеніміз не, ол қалай пайда болады және адамдар үшін неліктен қауіпті?
Жалпы антибиотиктер – инфекцияларға қарсы күшті қару болып саналады, бірақ кез келген қару жақсы, сенімді қолдарда адамзатқа жақсы қызмет етеді, ал ұқыпсыз пайдаланған кезде міндетті түрде зиян келтіреді.
Антибиотиктерге төзімділік микроорганизмдер, мысалы, бактериялар антибиотиктердің әсеріне қарсы иммунитетке ие болған кезде пайда болады. Бұл генетикалық қайта құрулар арқылы антибиотикті бейтараптандыратын заттардың синтезін құра алған супербактериялар.
Бүгінгі таңда «антибиотиктерге төзімділік» адам денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін ең күрделі қатерлердің бірі болып табылады және кез келген жастағы және кез келген елдегі кез келген адамға әсер етуі мүмкін.
Антибиотиктерге төзімділікке не себеп болады?
— антибиотиктерді өздігінен тағайындау, сондай-ақ олардың кездейсоқ, ойластырылмаған шамадан тыс және дәрігердің кеңесінсіз қолданылуы;
— сондай-ақ, аздап жеңілдік сезінген бойда препаратты қабылдауды тоқтату;
— бактерияға қарсы препараттарды теріс пайдаланудың тағы бір мысалы ретінде оларды вирустық инфекциялар (ЖРВИ, атап айтқанда тұмау және суық тию) үшін қолдану болып табылады. Вирусты инфекцияны емдеу кезінде антибиотиктерді қолдану тиімсіз екені белгілі;
— инъекциялық түрдегі бактерияға қарсы препараттардың салыстырмалы түрде үлкен үлесі бөлшек сауда арнасы арқылы (дәріханалар) сатылуы;
— ауыл шаруашылығында антибиотиктердің бақылаусыз пайдаланылуы.
Неліктен антибиотиктерге төзімділік қауіпті?
Антибиотиктерді шамадан тыс қолдану және дұрыс қолданбау олардың тиімділігін жоғалту қаупін арттырады, бұл ауыр аурулар мен өлімнің өсуіне әкеледі. Мұның бәрі, сайып келгенде, инфекцияларды тиімді емдей алатын терапевтік агенттің жоғалатынына әкеледі.
Мұндай жағдайларда біз не істей аламыз және не істеуіміз керек?
Антибиотиктерді тек қатаң көрсеткіштер болған жағдайда, терапияның белгіленген курсын қатаң сақтай отырып және тек дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қабылдаған жөн. Бактерияға қарсы препараттың әрекеті патогендік бактерияларға бағытталған, сондықтан оны аздап жақсы сезінгенге дейін емес, олардың барлығы жойылғанша қабылдау керек.
Емдеудің толық курсын жүргізу үшін антибиотиктерді рецептсіз немесе жеткіліксіз мөлшерде сатуға барлық жолдармен жол бермеу қажет.
2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімділік жылына 10 миллион адамның өліміне әкелуі мүмкін. Бүгінде микробқа қарсы тұрақтылықтан жыл сайын 5 миллион адам өледі, оның жарты миллионға жуығы Еуропа мен Орталық Азияда кездеседі. Бұл туралы ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы мәлімдеді.
Қазірдің өзінде ДДҰ антибиотиктерге төзімділік адам денсаулығына қауіп төндіретін он жаһандық қауіп-қатердің қатарына кіреді.
Біз барлығымыз осы өмірді сақтайтын препараттарды ұтымды пайдалану және антибиотиктердің тиімділігін сақтау үшін жауаптымыз!
Индира Кунбасова,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.










