Дүйсенбі, 2 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды

2 Ақпан, 2024
«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.
Әлеуметтік бағыты бар үздік әйелдер жобаларын іріктеу Қазақстанның барлық өңірлерінен жүзеге асырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізіледі және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізіледі.
Кім қатыса алады?
Конкурсқа қатысушылар Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері болып табылады.
Іріктеуді кім жүзеге асырады?
Өтінімдерді іріктеу конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімімен мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатарынан кемінде 5 (бес) адам көлемінде тиісті өңір әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының/әкім аппараты басшысының төрағалығымен құрылады.
Конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды:
жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);
жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);
жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);
жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).
Нақты жоба бойынша мүдделер қақтығысы болған жағдайда комиссия мүшесі бұл туралы Комиссияны хабардар етеді және нақты жоба бойынша дауыс беруге жіберілмейді.
Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Өтінімдерді қабылдау – 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін тиісті өтінімді толтырып jastar_otdel@mail.ru электрондық мекенжайына немесе қағаз түрінде Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі, 47 Жастарға қызмет көрсету орталығы ғимараты, 2 қабат, 203 кабинет мекенжайына жолдау қажет.
Өтінім формасын және «АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсы туралы ережені https://cloud.mail.ru/public/ZsyW/7vTsNsB6y сілтемесінен жүктеп алу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша +7 708 678 84 34 телефоны бойынша хабарласу қажет.

Алдыңғы мақала

ҚОҢЫРӨЛЕҢ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН САЙЛАУЛАР және МЕТЕРБАЙ БОЛЫС

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
704
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.