Дүйсенбі, 2 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ата-ананың арақ ішуі – отбасының құруы

22 Қазан, 2022
Ата-ананың арақ ішуі – отбасының құруы
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бұл тақырыпта көптен бері ой қозғағым келіп жүр еді, қоғамда орын алып жатқан жағдайларға байланысты жанайқайымды жеткізбеске амал жоқ.

Жалпы, мектеп жасындағы балалардың ата-анасы арақ ішетін болса, ол отбасыны сәтсіз құрылған жанұяға балап жатады. Оған толық келісемін. Себебі, баласының болашағын, отбасының абыройын ойлаған ата-ана арақты аузына да алмайды деп білемін. Әкесінің араққа сылқия тойып алғанын, анасының тепкінің астында қалып жүргенін, от анасы мен отағасының аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқандарын көріп өскен баладан қандай болашақ күтеміз?

Бала ұяда не көрсе, ұшқанда міндетті түрде соны іледі. Сол себепті, ертеңгі күні баладан бірдеңені талап ету үшін ата-ана әу бастан өзін түзеуі керек.

Әкесінің досы жыныстық қатынасқа күштеп түсіріп, зорлық көрсеткен қаршадай қыз естеріңізде болар?  Сол қыздың ата-анасы ішкілікке салынғаны да баршаға мәлім. Ол отбасыны енді қалай сәтті отбасыға жатқыза аламыз?

Отағасы араққа тойып алып, бесіктен белі шықпаған баласын атқа мінгізіп, еркіне жіберіп, артынша сол аттың үстінен баласының мәйітін алған отбасы бар. Оларды сәтсіз отбасыға жатқызайын десең, бала-шағасына керемет көңіл бөледі, озат оқушылар санатында, тамақтары тоқ, киімдері бүтін. Тек сол бір күн ішкен шайтан судың кесірінен баласының өліміне себеп болып қалған «әке» өзін енді өмір бойы жазғырып өтеді-ау.

Бұл арақтың қоғамға тигізіп жатқан зиянының бергі жағы ғана, бұдан да сорақылары қаншама? Арақ ішкен адам өзінің ақылын бірге ішетіні баршаға аян. Тіпті, бірге отырып шайтан сумен бөліскен жақын достардың өзі тойынып алған соң, бір-біріне шабуылдап, аяғы қайғылы оқиғаға ұласып жүргендерін де көріп, естіп, біліп жүрміз.

Осы тұрғыда өз ойым, балаға қаршадайынан діни тәрбие қоса берілуі керек сияқты. Аузында Алласы, жүрегінде иманы бар, тілі кәлимаға келіп тұрған жас аузын ащы сумен былғамас деп ойлаймын. Сіз не дейсіз?

Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Қайырымдылық – қайырлы іс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Роллан СЕЙСЕНБАЕВ: Құдай тәрбиелеген Адам – ұлы!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
704
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.