Сейсенбі, 3 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ауру астан ба?

28 Қазан, 2022
Ауру астан ба?
2
БӨЛІСУ
26
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Әрбір ата-ана баласының сабақ арасында қарны ашып қалмасын, басқалар тамақтанғанда біреудің аузына қарамасын деп күнделікті баласына мектепте жұмсау үшін азын-аулақ ақша беріп отыратыны белгілі. Үзіліс кезінде мектеп асханасы, жақын маңдағы дүкен-дүңгіршекке жүгіріп, оқушылар кәсіпкерлердің саудасын жүргізіп жатады. Ал балаңыз сіз берген ақшаға не алып жүргенін білесіз бе, құрметті ата-ана?

Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары ұсақ-түйек зиянды заттарға әуес, ол баршаға мәлім. Мен де ата-анамын ғой. Мектеп жасындағы балаларыма ақша берерде үнемі денсаулыққа зиянды заттарды алмай, оның орнына мектеп асханасындағы қолдан дайындалған тағамдарды алуды ескертіп отырамын. «Елдің бәрі нутрициолог емес, елдің бәрі құрам зерттемейді», дегенмен баласына жаны ашитын, баласының болашағын ойлайтын кез келген ата-ана баласының мәзірімен де таныс болғаны дұрыс деп білемін.

Сіздің, біздің балалық шағымыздың дәмі, «ЮПИ» атауымен белгілі ұнтақтың құрамын талдап көрдім жуырда. Қазақтың қазаққа жаны ашымаса, сондай заттардың зиян екенін біле тұра, қоғамға сатылымға шығарып отырған кәсіпкерлердің бізге жаны ашымайтыны анық. Ендеше сол «ЮПИ»-дің құрамымен таныс болып, балаларыңызға тыйым салыңыз:

  • Аспартам (Е951) – қанттан 200 есе тәтті, құрамында аспартам бар өнімді жиі пайдалану мынандай ауруларға шалдықтыруы мүмкін: неврологиялық, альцгеймер, асқазан-ішек, бас ауруы, жүрек айну, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, гормондардың бұзылуы;
  • Ацесульфам К (Е950) – ісіктердің дамуын және жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруын тудырады. Аспартам (Е951) мен Ацесульфам К (Е950) қосындысы эпилепсия, бас миының ісіктері, қант диабеті ауруларын тудыруы мүмкін.
  • Гуар шайыры (E412) – асқазанда тоқтық сезімін тудырады, тәбетті төмендетеді.
  • Титан диоксиді (Е171) – ішекке сіңбейді, асқазан сөлінде ерімейді, денеде жиналмай, қысқа уақытта толық жойылады. Дегенмен, титан диоксиді ұнтағын ингаляциялау қатерлі ісік қаупін арттырады деген расталмаған дәлелдер бар.
  • Тартразин (Е102) – балалардың гипербелсенділігін арттыруы мүмкін. Ғалымдар Е102 натрий бензонатымен бірге Mirkelsson-Rosenthal синдромын тудыратынын анықтапты. Көбінесе бет нервісін зақымдайды, тілде сызаттар пайда болуы мүмкін. Көптеген Еуропа елдерінде бұған мүлде тыйым салынған.
  • Е110 – кацероген болып табылатын қауіпті судан І бояғышының сульфондалған нұсқасы. Аллергиялық реакция тудыруы мүмкін, әсіресе аспиринге қарсы көрсеткіш болғанда. Сондай-ақ, жүрек айнуы, есекжем (бөртпе), мұрын бітелуі, ринит (мұрынның ағуы), бүйректің ісінуі, хромосомалық зақымданулар тудыруы мүмкін.

Бұл талдау сол ұнтақтың қорабында ашық жазылған құрам атаулары бойынша жасалды. Қазақ атам «Ауру астан» деп бекер айтпаған. Бұл бір ғана ұнтақтың талдауы, бұдан өзге адамды ауру ететін, күнделікті қолданыстағы сусын, шоколад, қытырлақ тіскебасарлар, т.б. химиялық қоспаларға толы тағамдар қаншама?! Сол себептен айналайын қазағым, сауатты болайық. Балаларымыздың болашағы үшін «ішетін-жейтін» заттарымыздың құрамын талдай білейік. Әуелі харам, содан соң зиян заттардан бас тартайық.

Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

Алдыңғы мақала

Кәдірбек СЕГІЗБАЙҰЛЫ: Ит-ғұмыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қастеев жайлы құнды еңбек жарық көрді

Пікірлер 2

  1. Gulzhan says:
    3 года бұрын

    ???

    Ответить
  2. Ақбөпе Султанғағы says:
    3 года бұрын

    Әрине келісемін әрбір ата-ана нутрициолог емес, бірақта өз балаңның қандай тамақ ішу керек екенін білу керек деп есептеймін. Өз
    басым үйде болсын мектепте де қандай тамақ жегенін қадағалауға тырысамын

    Ответить

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
706
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.