Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы. ауыл шаруашылығына байланысты айтқан ой-пікірі шаруа адамы ретінде мені қатты риза етті. «Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал. Бүгінде жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек.-деді Мемлекет басшысы .
Ақиқатында да, ауылдық өңірлерді дамыту үшін ауыл шаруашылығын ілгерілетуге ерекше мән берген жөн. Әсіресе, шағын шаруашылықтарды ірілендіру, жеке шаруа қожалық иелері өзара бірігуі — өте маңызды. мәселе. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл шаруашылығы адамдарына аса пайдалы екендігі де айқын аңғарыла бастады. Бірақ, тек жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау қажет. Күндіз-түні уақытпен есептеспей еңбек ететін диқандар мен малшыларға басқа да қажетті жағдай жасалуға тиіс. Президент айтқандай машина-трактор шеберханларының да әбден ескіруі, кей жерде олардың мүле жойылып кетуі де істі ілгерілетуге тұсау болуда.
Жолдауда айтылған осы мәселелер оңды шешімін тапса, ел игілігі жолындағы қаракетіміздің де қайтарымы мол болмақ.
Еркін ҚАСЫМБЕКОВ,
«Тұрлажы» жеке шаруа қожалығының басшысы