Тарыйхшылар Шыңғыс хан ол кезде аты да, заты да жоқ халха моңғолдан шықты дегенге нанады да, ол кезде найманы, керейі, жалайыры, қоңыраты, меркіті, үйсіні бар қазақтан шықты дегенге, «Ол кезде қазақ деген халық жоқ қой» деп шошына жауап береді. Олардың ойынша, қазақ деген халық қазақ хандығы құрылғаннан бері ғана бар. Шынында, солай ма?
«Тарыйх атасы» деп әлем мойындаған гірек оқымыстысы Геродот былай дейді: «Ереуілдеген көшпенді скифтердің ордасы жортыуылдап Медыйа жеріне келді» («Тоғыз кітәптен тұратын тарыйх», Ленинград, 1972. 38-бет).
Мұндағы «Орда» сөзі тарыйхты жазып отырған гіректің де, оны аударып отырған орыстың да сөзі емес, қазақтікі. «Ойбай, ол бүкіл түрікке ортақ сөз!» деушілер де табылар. Олар 1245 жылы Батый ордасына келген П.Карпиниді оқыса, Татарлардың «Орда» сөзі «орта» дегеннен шыққан» дегенін біледі. Қазаққа сенбейтін қазақтар шет елдікке сенетін шығар. «Орта», «орда», «орталық» сөздерінің қазақтікі екенін ешкім жоққа шығара алмас. «Орда» сөзі – бүгінгі «астана» дегеннің баламасы, бір мәні.
Геродот – біздің дәуірімізге дейін (б.д.д.) V ғасырда өмір сүрген ғалым. Ал жазып отырған кезі, шамамен, б.д.д. VII ғасыр. Ол кезде қазақтың сөзі бар екенін «орда» сөзі дәлелдеп тұр. Ал сөзі бар жерде неге халықтың өзі жоқ?
Медыйандарды қаратып алған соң, скифтер Египетке қарай аттанды дейді Геродот. Алайда египеттіктер соғыспай, көп сый беріп, скифтерден аман-есен құтылады да, скифтер Сыйрыйаға келеді. Олар содан соң медыйандарды 28 жыл бійлейді. Ол кездегі медыйандықтар – бүгінгі парсылар (ыйрандықтар). Василий Абаев деген орыс тарыйхшысы бастаған топ «Скифтер ыйрандықтардың ата-бабасы» деген пікірді таратпас бұрын Геродот заманында кімді кім шапқанын тарыйхтан біліп алмас па? Ол пікірдің Сталин нұсқауымен жүзеге асқан бұрмалау екенін қәзір Захаров, Клесов бастаған орыс тарыйхшылары әшкерелеп жатыр.
Геродоттың жазыуынша, 28 жыл өткен соң скиф басшыларын түгелдей жыйнап, қонақ етіп ішкізіп, әбден мас болған кезде медыйандықтар бәрін қырып салады да, қайтадан өз бійліктерін орнатады (сонда, 45, 52-бет).
Мұндай айланы парсылар кейін де пайдаланып, Томиристің ұлын тұтқындап алғанын тарыйхтан білеміз.
«Скифтер кіймерліктерді Еуропадан ығыстырып, одан медыйандықтарға басып кірді» дейді Геродот (сонда, 45-бет) тағы анықтап.
«Парсы патшасы Кирге кедергі болғандар Вавилон, бактрия халқы, сақтар мен египеттіктер еді» дейді тағы ол.
Меніңше, Геродоттың «бактрия халқы» деп отырғаны – «Бақтыйар халқы». Ол – үйсіндердің батыр бабасы. «Бақтыйарды» «Бактрия» деп бұрмалап жүрген – еуропалықтар. XVIII ғасырдың 1745 жылына дейін бүкіл үйсіннің жауынгерлік ұрпағы «Бақтыйар» болған. Шапырашты Наурызбай батыр «Ақтабан шұбырынды» заманында Албан тайпасын қалмақтардан азат етіу кезінде шапыраштылардың жауынгерлік ұранын Қарасайға ауыстырып, алғаш ірет жауға Қарасайлап шапқан. Содан кейін үйсіндер ортақ ұранынан айырылды.
Бақтыйар бабамыз салған қалаларды қыйратқан – Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский). Ол қалалар Ауғаныстан, Ыйран жерінде, қыйраған орнын «Көне қала» (Конеқала) деп атайды, тағы Айханым деген де қаласы болған. Бәрінің аты қазақша. Сонда Бақтыйардың өзі кім болғаны? Геродот олар жайында тағы былай дейді: «Бактрыйалықтар медыйалықтардікіне ұқсайтын бас кійім кійеді, қысқа найза ұстайды. Сақтар болса (скиф тайпасы) бастарына шошақ төбелі бійік, тік тұратын бас кійім кійетін» (332-бет). Тағы былай депті: «Парсылар барлық скифті сақ деп атайды. Бактрыйалықтар мен сақтарды Дарійтдің баласы Гистасп басқарды» (сонда, 333-бет).
Скиф пен парсының екі басқа ел екенін Геродот нақпа-нақ айтып отырған жоқ па?
«Арыйлықтар медыйандықтардың садағымен қарыуланған, басқа қарыуының бәрі бактрыйалықтардікі» дейді Геродот (333-бет). Бұған қарағанда, Бактрыйалықтар өз дәуірінде өте күшті елдің бірі болған. Ал «арыйлар» деп отырғаны – Арыс немересі Ар атты ұлдан тараған тайпа.
Сол кезде Сарангый деген де ел болыпты. Тегі мен тілі жағынан парсы халқына жатады екен. Олар соғысқанда, қайыс белдіктей арқан пайдаланады екен. Арқанды жауына лақтырып іледі де, өзіне тартып сүйрей жөнеледі екен. Бұл – қазақтың шалма тастау әдісі, адамды да, асауды да шалма тастап бұғалықтайды әрі жұуасытады. Оны сарангыйлардың қазақтан үйренгенін «арқан» сөзі-ақ айғақтап тұр. Өйткені ол сөз сарангыйлардың да, гіректің де, орыстың да сөзі емес, қазақтың сөзі. Демек, ол заманда қазақ сөзін өзге ел де қолданған, өйткені олардың әскерій әдісі мен дәрежесі өте жоғары болған.
Геродот айтып отырған скиф-сақ пен бақтыйар-бактрыайлықтардың арғы ата-бабамыз екенін жоғарыдағы сөздер мен жағдайлар айқын дәлелдесе керек.
Солай екеніне сенім беретін тағы бір дәлел келтірейін. XVI ғасырдың соңында, XVII ғасырдың басында өмір сүрген Матай бій жазып қалдырған, бізге немересі Қазыбек бек Тауасарұлы жеткізген Ата шежіреде мынандай мәлімет бар: «Бақтыйар – біздің пұстымыз… оның төрт ұлы – Қотан, Қара, Болат, Алшын делінеді… Қәзіргі Ыйран жеріндегі Бақтыйар аталатындардың бәрі – бұдан мың сегіз жүз жыл бұрын кеткен біздің аталарымыз (Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқыйаннан өзіме шейін», Алматы, 1993, 40-бет).
Міне, осылайша, Геродоттың Бактриясы мен Матай бабамыздың Бақтыйары бір кісі болып шығады.
Соларды, сақ пен бақтыйарлықтарды бағындырған соң ғана Кир массагеттерді жаулап алыуды ойлайды. «Маған айтыуларына қарағанда, бұл массагеттер – әрі көп, әрі ержүрек тайпа. Олар күншығыстың батыс жағында өмір сүреді, Аракс өзенінің сыртында, Ыйсыйдонның қарсысында. Оларды да скиф тайпаларының қатарына жатқызады» дейді Геродот (сонда, 75-бет).
Машынды қытай (шын) маңайындағы ел (ма – шын) десек, массагет те сақ маңайындағы (ма – сақ) ел деп ұққанымыз жөн шығар деп ойлаймын.
«Кәспій теңізінің күншығысында шексіз, көз жеткізсіз жазық бар. Сол қыйырсыз жазықтың қомақты жерін массагеттер жайлайды» депті Геродот.
Массагеттер мекендеген жазықты бабаларымыз Тұран ойпаты деген. «Тұран» сөзі «тұура», «түзіу», «жазық», «дала» деген сөздердің көне баламасы болса керек. «Тұр» деген түбір сөздің тік тұр, түзел, тік жүр, қаймықпа деген де мағынасы бар. Жалпы «тұран» мен«түрік» сөздерінің түбірі бір-бірімен мәндес әрі «сақ» сөзімен мағыналас келеді. «Сақ» қырағы дегенді білдірсе, «түрік» те сол «құлағы түрік» деген мағынаны білдіреді, екеуі де қазақ сөзі. «Массагеттердің патшайымы – өлген патшаның жесірі. Оның аты – Томирис» дейді Геродот (сонда, 76-бет). Массагеттердің скифтерше кійінетінін, соларша өмір сүретінін айта отырып, қарыулары найза, садақ және айбалта (секир) екенін жазады да, – «Скифтер бійенің сүтін ішеді, оны олар шайқайды (піседі)» дейді (сонда, 87-бет). Сөздің құдайшылығын айтқанда, бійенің сүтін пісетін, ішетін о заман мен бұ заманда қазақтан (қырғыздан) басқа қай ел бар?
«Томирис» сөзінің ол кездегі қазақшасы, меніңше, не «Тұмарыс» (Тұмарлы), не Тамырыс (Тамырлы) болыуы мүмкін.
Мойынға тұмар тағыу дәстүрінен бұрын «тамыр» сөзінің пайда болғанын ескерсек, Томиристің қазақша ұғымы «Тамыр» сөзінен шығыуы сенімдірек, сондықтан массагет патшайымының аты, кейбіреулер айтып жүргендей, Тамара да, Тұмар да емес, Тамырыс болыуы әбден мүмкін. Өйткені Текеліні Текес, арқалы тауды Арқас, андалы адамдарды андас, қорғалғы жерді Қорғас деу тілімізде ежелден бар. Геродоттың жазыуынша, скифтердің ең арғы түп атасы – Тарғытай деген кісі, ол гірек құдайы Зевстен тұуыпты-мыс. «Тарғытай» – қазаққа тән ат. ХІІ ғасырда өмір сүрген Шыңғыс ханның ағайыны Амбағайдың ұлы да Тарғытай Қызғаншақ атанғаны белгілі. Тарғытайдан Дарійдің заманына дейін мың жыл өтіпті (сонда, 188 – бет). Бүкіл скиф патшалары гіректің Геракл батырынан тарайды екен, себебі Скиф Гераклдың үшінші ұлы екен. Тарғытайдан бері б.д.д. он ғасыр өмір сүрген скиф, әрійне, ежелгі ел саналады. Ал гіректердің оны өзіне тартып Гераклдан тұуғызыуы, сөз жоқ, скифтердің аса атақты ел болғанын аңыз жүзінде аңғартады.
Геродот былай дейді: «Понттың бұл жағында бірде-бір сауатты тайпа бар деуге болмайды, біз олардың арасынан скиф Анахарсистен басқа бірде-бір атақты адамды кездестірмедік». Геродот: «Скифтердің адам өміріне аса қәжет бір ерекшелігі, олар өз жауына, егер қәжет деп білмесе, құтылып кетіуіне ешқандай мүмкіндік бермейді және кибиткада өмір сүреді» дейді (сонда, 198-бет). «Кибитка» деп отырғаны, әрійне, кійіз үй, өйткені «скифтер үйлерін өздерімен бірге алып жүреді» деп жазады тарыйх атасы (сонда, 199-бет).
Сонымен қатар олардың құрбандыққа шошқаны шалмайтынын және оны өсірмейтінін де айтады (202-бет). Бұған қарағанда, біздің шошқаны жемеуіміз тек мұсылмандыққа қатысты емес.
Геродоттың жазыуынша, скифтер жат елдің әдет-ғұрпын еліне алып келіуді сатқындық санаған. Сол заңды бұзғандары үшін, патша тұқымы болғандарына қарамастан, Анахарсис пен Скил өлім тапқан.
Анахарсис көп елді аралап, өзінің ұлы ақылман екенін көрсетіпті. Ол еліме аман-есен оралсам, гірек жерінде көрген ана құдайға табыныу рәсімін өз елімде жасаймын деп уәде беріпті. Сол уәдесін орындап, Гилей жерінде ана құдайға табыныу рәсімін жасап жатқанда, бір скиф оны Савлий патшаға айтып барады. Соны өз көзімен көрген Савлий Анахарсисті садақпен атып өлтіреді (200-бет).
«Менің кейін біліуімше, Анахарсис әке жағынан Ыйданфирс патшаның атасы (дядя), Гнурдың ұлы, Ликтің немересі, Спаргапифтің шөбересі, ал Ыйданфирс Савлийдің баласы екен» дей келіп, «Естіуімше, Анахарсисті Элладаға скиф патшасы білім алыу үшін жіберген екен» дейді (206-бет).
Бұл мәлімет Матай бій жазып кеткен Ата шежірені еріксіз еске түсіреді. Онда мынадай шежіре бар: Қадырдан – Алаш, Алаштан – Жайыл, Жайылдан Қазақ деген кісінің тұуғанын айтады да, «Қазақтың екі ұлы болыпты: Жұман, Тұман… Жұманның екі ұлы Арыс, Сабыр аталады. Арыс деген кісі шамадан тыс ірі, өте күшті, айбатты адам болыпты («Түп-тұқыйаннан өзіме шейін», Алматы, 1993 жыл, 35-бет).
Одан ары былай дейді: «Міне, бүгінгі 1154 жылда (1776 – Б.Н.) тірі жүрген қазақ атаулының атасы – осы кісі… Еуропада ерекше елміз, Арыс ұрпағымыз дейтіндер бар. Оны біз, Өтен екеуміз, Дұнай дайрасы жағасынан кездестіргенбіз… Арыстың дүнійені кезіп оқыған адам болғанын Майқы бабамыз үнемі айтып отырады екен. Арыстың өз аты Анарис болған деседі. Шешесі еркелетіп Арыс атап кетіпті. Ол ілімді Еуропа елдерінде болып, көп ғұмырын өткізіп, өз еліне келгенде, он екі-ақ жыл тұрыпты. Ол артына пәлсафа қалдырған. Жазба Майқы заманына дейін келген екен. Сол замандағы бір жер сілкіністе ол топырақ астында қалған. Арыс ақын да, ахұн да адам болған. Еуропада көрген өнегесінің жақсы жақтарын өздерінің патшалығына кіргізіуге ұмтылған. Ол өзінің тұуған ағасымен осы жөнінде келісе алмай мерт болған (сонда, 36-бет).
Геродоттың жазғаны мен Ата шежіренің айтқанын салыстырсақ, Арыс – Анарыс деп отырған қазағымыздың Анахарсис екеніне көзіміз күмәнсіз жетеді. Геродоттың Савлий деп отырғаны – Сабыр. Оның өз інісі Арысты өлтіріуі, меніңше, өз баласы Ыйданфирстың хан болыуына да жол ашады. Сондықтан оның қылығында қара пыйғыл болыуы да мүмкін деп ойлаймын.
«Арыс Еуропаны өз тұуысқаны Тоқсары дыйуанамен бірге аралаған. Патшаның қандай болыу керегін айтамын деп, тұуысқанына жақпаған. Асқан шешен Арыстың айтқаны көп екен, ол бізге жетпеген» дейді Ата шежіре (сонда, 36-бет).
Көріп отырғанымыздай, Геродот Анахарсисті скиф дейді, ал Ата шежіре Анарысты скиф те, сақ та демей, қазақтың атасы дейді. Әйткенмен скифтердің қазаққа тікелей қатысы барын Геродоттың мына сөзі дәлелдей түседі: «Скифтер амазонкаларды «эорпата» дейді, ол эллинше ерін өлтірген деген мағына береді, «эор» дегені «күйеу», ал «пата» «өлтірген» (сонда, 206-бет).
Мұндағы «эор» дегеннің «ер», «пата» дегенің «опат» деген қазақ сөзі екенін аңғарыу аса қыйын емес. Сонда «эор – пата» дегеннің «ері өлген» деген мағына беретінін Геродот ашық айтып отырған жоқ па? Скиф қазақ болмаса, оның аузында қазақ сөзі қайдан жүр?
Савроматтар, йағный сарматтардың да скиф тілінде сөйлейтін ел екенін, тек олардың амазонкаларға үйленген, солардан ұрпақ сүйіп отырған скифтер екенін де Геродот айқындап жазған. Оның айтыуынша, сарматтар Каспій көлінің батыс жақ бетінде ғана өмір сүрген. Өйткені амазонкалар сол маңайда ғана болған.
Бұған қарағанда, ғалымдардың Алтынемел қорығындағы Бес шатыр ескерткіштерін сарматтардікі деп жүргені – дәлелсіз сөз. Ол – Шыңғыс ханның, йағный моғолдардың ата-бабасы жатқан жер. Бичуриннің жазыуынша, солай.
Ең бастысы, Ата шежіренің айтқанына мән берсек, скиф – сақ деп жүрген Арыс бабамыз да Алаш пен Қазақтың ұрпағы «Қазақ» деген де қазақтың өз сөзі. Ештеңеге сүйенбей, еш нәрседен ұстамай, тәуелсіз, өз бетінше тік тұрған баланы «қаз тұрды» дейміз. Ал қаз тұрған адамды «қазақ» деуіміз де тіліміздің заңдылығы. Өйткені қонатын адамды – қонақ (қон + ақ), тоқтап тұратын жерді тұрақ (тұр + ақ), бір нәрсені санауды санақ (сан + ақ), қамайтын жерді қамақ (қам + ақ), ойнайтын жерді ойнақ (ойна + қ), деп, – ақ қосымшасы арқылы әлі де жаңа сөз жасап жүр емеспіз бе? Бұл – жалғамалы тілдің ежелден келе жатқан жаратылысы. Сондықтан «қазақ» сөзінің төркінін біресе ары қыйсайтып, біресе бері қыйсайтып, сан-саққа жүгіртпей, М.Қ.Дулатый бабамыздың «Тарихи – Рашиди» шығармасында аталған «дербес», «ешкімге бағынбайтын» ел, йағный ештеңеге сүйенбейтін, ешкімнің етегінен ұстамайтын дербес, тәуелсіз ел дегенге тоқтағанымыз дұрыс деп ойлаймын. Өз сөзімізді өзіміз көкпарға сала берсек, өзге түгіл, оған өзіміздің де сеніміміз кетеді.
Енді Геродотты қойа тұрып, Еуропаның екінші бір оқымыстысы Лукиан Самосатскийге кезек берсек, ол былай депті: «Афинаға эллиндердің біліміне құштарланып Скифиядан алғаш келген адам Анахарсис емес, одан бұрын солай істеген Тоқсарійд атты ақылды әрі сұлұулықты ардақтайтын адам болатын… ол өз елінде хан тұқымына жатпайтын… Бұл Тоқсарійд өз елі Скифияға қайтқан жоқ, Афинада өлді, өлгеннен соң ғана оның ерлік аты шықты…» («Шығармалары», 1-том, 66-бет). Лукиан Анахарсистің әкесін Давкет деп атайды (сонда, 69-бет).
Бұған қосып-алатындай не бар? Бәрі дәлме-дәл келіп тұр: Матай бій айтқан Анарыс пен Геродот айтқан Анахарсис бір адам, Лукиан айтқан Токсарійд пен Матай бій айтқан Тоқсары да бір адам. Анарыс бабамыз – аңыз адам емес, б.д.д. VI, VII ғасыр шамасында өмір сүрген тарыйхый тұлға. Шежіренің де шын тарыйх екеніне осындайдан барып көз жетеді. Тек бір ғана кілтійпән: Анарыстың әкесі бірде Жұман, бірде Гнур, тағы бірде Давкет деген үш түрлі атпен аталады. Алайда Хантәңірінде өмір сүріп жатқан қазақтың сөзі мен дерегі Қара теңізге өзгеріп жетіуі заңды да шығар деп ойлаймын.
Мүлдем күдік қалдырмас үшін, Ата шежіреден тағы бірер дерек келтірейік. Майқы бій былай депті: «Біздің бабамыз Арыс: «Өлі көп пе, тірі көп пе?» деген сұраққа қарсы сұрақ беріп: «Кеме үстіндегілерді қай жағына қоссаң, сол жағы көп болады, өйткені кеме үстіндегі адам өлімінен төрт-ақ елі жырақ тұрады ғой» депті, йағный кеменің еденіндегі тақтайы төрт-ақ елі» («Түп-тұқыйаннан…», Алматы, 1993, 57-бет).
Осы сөз Анахарсистің аузынан шыққанын тағы бір еуропалық ғалым Диоген Лаэртский дәлелдейді. «Атақты философтардың өмірі, ілімі мен ғақылдары» атты шығармасында біздің дәуіріміздің ІІІ ғасырында өмір сүрген атақты ғалым Элладаның жеті шешенінен кейін сегізінші шешені «Анахарсис» атты арнайы тарауында былай дейді: «Анахарсис – скиф, Гнурдың ұлы әрі скиф патшасы Кадуидің бауыры, шешесі эллин қызы, сондықтан ол екі тілді де білген. Ол скифтер мен эллиндердің қалыпты өмірдегі және соғыс кезіндегі әдеті жайында 800 жол өлең жазған» деп, оның ақын болғанын айғақтаса, «скифше сөйлеу» деген мәтел де оның емін-еркін сөйлеуінен қалған» деп, оның шешен болғанын да айтады (Москва, 1986, 86-бет). Ол Арыстың бауыры Сабырды «Кадуи» дейді.
Ол Анахарсисті аң аулау кезінде өз бауырының қолынан өлді дейді. Анахарсис өлерінде: «Элладада мені ақыл-ойым қорғап еді, Отанымда мені қызғаныш мерт қылды» депті (сонда, 86-бет). «Ол кеме тақтайының қалыңдығы төрт-ақ елі екенін білгенде, «Кемедегілер өлімнің жанынан төрт-ақ елі жырақтан өтеді» депті» десе, бұл – Ата шежіредегі сөздің бір жартысы. Ал екінші жартысы мынау: «Өлі көп пе, тірі көп пе? деген сұраққа ол: «Ал жүзіп бара жатқандарды қайсысына қосасыздар?» деп қарсы сұрақпен жауап беріпті» дейді (сонда, 87-бет).
«Қай кеме қәуіпсіз?» деген сұраққа ол: «Жағаға шығарып қойған кеме» деп жауап қайтарыпты» дегені де ол кезде кемемен жүзіудің өте қәуіпті болғанын байан етеді.
Бұл ұқсастықтардың бәрі Анахарсис пен Анарыстың бір ғана адам – Арыс деген қазақ екенін, йағный Алаш атты кісінің Қазақ атты ұлының ұрпағы екенін даусыз дәлелдейді. Демек, б.д.д. VI-VII ғасырда да қазақ сөзі, қазақ халқы болған, тек оның аты ғана басқаша аталған. Бәлкім, басқалар солай атаған.
Соңғы ғасырларда ғалымдар шумер деген ел болғанын ашты. Ол Египеттерден де бұрын қала салған, мемлекет құрған ел болыпты. Олар қазақтың ата-бабасы дегенді, жаңылмасам, қазақ оқығандарының арасынан алғаш Олжас айтты. Біздің ғалымдар ешқашан біреудің айтқанын іліп әкете қоймайды, сондықтан ол мәселе ұзақ жыл сұуып қалды. Алайда Олжастың ол айтыуында дұрыс болжам бар еді. Ойымды ортаға салып көрейін.
Скиф-сақ бабамыз болса, оның бабасы – шумер. Дәлелім сол: олар да қазақ тілінде сөй-леген, сондықтан көне қазақ тілінде сөйлеген ел қалайша қазақтың бабасы болмайды?
Шумерлердің Отаны – қәзіргі Ыйрак. Бұрын Месопотамыйа деп аталған, ол Қосөзен дегенді білдіреді, Ефрат және Тигр өзендерінің ортасы. Шумерлер өзін Саг – гич деп атапты. Онысы «қара бастылар» дегенді білдіреді екен. Біз де басымызға бір қарап қойалық: иә, біздің де шашымыз қара. «Саг – гич» деген сөздің «саг» деген сыңары «сақ» дегенді еріксіз еске түсіреді. Қалаларының атын қараңыз: Урук, Киш, Ур, Кенгир, Лагаш. «Урук» «бақташы» дегенді білдіреді екен, біздің «ұрық», «құрық» деген сөзімізбен дыбысталыуы ұқсас, «ұр» дегені малды тайақпен ұратын адамды еске түсіреді, ол, әрійне, тек бақташы адам, ал құрық та жылқы баққан адамның қарыуы. Шумерлер б.д.д. 4-5 мың жыл бұрын өмір сүріпті, арада жетпіс ғасырдай өткенде, сөздің де мағынасы ары-бері азды-көпті, сөз жоқ, өзгереді. Әйткенмен жылтыраған сұлбасы сақталады.
«Киш» дегені, сірә, «Қыш» болар, қыштан салынған қаланы солай атаған шығар, Шымкент, Құмкент, Ташкент, Жаркент деп әлі де қалаға ат қойып жүрміз ғой.
«Ур» дегені «Ор» болар. Орск деген қала Ресей жерінде қалды. «Кенгир» де біздің көне сөз. Арқада Кеңгір өзені бар, Жошы мазарының жанында. «Кеңгір» деген кеңдікті, ал «Сеңгір» деген селдірлікті білдірсе керек.
«Лагаш» сөзінің мәні жұмбақтау, «л» дыбысының алдында келетін дауысты дыбыстарды жазбай кететін әдет шет елде де, бізде де бар, мәселен: (ы) лақ, (ы) лай, (І) лескүл, (Ы) Рысбек, (ы) лас, т.с.с. Егер алдыңғы жазылмай қалған дыбыс «а» болса, ол сөз «алағаш», йағный «қызыл ағаш» (ал – қызыл дегенді білдіреді:алқызыл) болады, егер «ұ» дыбысы болса, «ұлағаш» «үлкен ағаш» болады. Соған ұқсас Сарағаш, Қосағаш, Ұзынағаш деген атаулар тілімізде әлі де бар.
Шумерлердің әйгілі шығармасының бас кейіпкері Гыйлгамеш Урук (бақташы) әулетінен шыққан адам екен.
«Шешені» шумерлер «ама» депті, «мамаға» ұқсас. Алыстан орағытқан қазақ сөзі сыйақтанады.
Жоғарыда қыш қала деп отырған Киш қаласының патшайымы б.д.д. 24 ғасырда Қу Бау деген әйел болыпты. «Қу» деген – жүз пайыз қазақ сөзі. Себебі «Қу Бау» деген «Светлая Бау» деген мағына береді екен, бұл (ақ) құба Бау деген сөз ғой. Бозарып кеткен кісіні қәзір де «құп-қу болып кетті» дейміз. Қырық бес ғасыр бойы айтылыуын да, мағынасын да сақтап келген бұл сөзге мен тек басымды ійемін.
Жалпы «қу» деген – көпмән сөз: 1. құс – ақ құу, қара құу; 2. айлакер; 3. кепкен; 4. жет (құуала) деген де мағына береді. Соның өзі бұл сөздің өте көне екенін дәлелдесе керек. «Қу» сөзін былай қойғанда, «Бау» деген де қазақтың сөзі.Күні бүгін де «бау», «бау-бақша» дейміз. «Бау» сөзі әйел адамның атына жарасымды да. «Бау» сөзінің «тұмақтың бауы», «тонның бауы», «шөпті баулау» секілді басқа да мағынасы бар, бәрі – әлі қолданыстан түспеген қазақ сөзі. Біз арбаны алғаш қаңлылар жасады деп жүрсек, оны тарыйхшылар шумерлер тапты дейді.
Аккада деген (қада – қазық) қаласы да болыпты, «ақ қазық» деген – таза қазақтың сөзі, Ақмола, Ақтөбе, Ақжазық деген сыйақты. Сынтасты Шыңғыс хан заманында «Келте қада» деп атаған.
Эн – ке –ду – ан – на деген ән шығаратын, өлең жазатын шумер қызы болыпты. Оның «Энке» деген бастапқы қос бұуыны маған «әнші» дегендей көрінеді. Әншілік, ақындық қазақта ежелден бар.
«Үш» дегенді «аммуш» дейді екен. «Уш» деген соңғы бұуын біздің қәзіргі «үш» дегеніміз ғой. «Ашер – ритуальный плач» делініпті, ондағы «шер» деген сөз сол «қайғы» деген мағынаны әлі де білдіреді. «Діmmер – бог gіngіr» дегендерден мен «тәңір», «тенгир» деген сөзді танығандай болдым.
«Иммал» деп жабайы сыйырды айтыпты, «мал» сөзі бұл күнде төрт түліктер – түйе, жылқы, сыйыр, қой-ешкінің жалпы аты болып жүр емес пе? Күйеу жолдасты «либерен» «nідіr – sа» депті, «nідіr» (нигир) сөзі «нөкер» дегенді еске салады. «Кемаль – изобилие» депті, бұл да жүз пайыз қазақтың «кемел» деген сөзі, мағынасы да сол: кемеліне келген, әбден толысқан. «Энэн» дегенді орысша «слово» депті, «үнүн» дегенге жақын. Бұл сөздерді мен інтернеттен теріп алдым.
Осы мысалдардың өзінен де шумерлердің қазақ тіліне жақын сөйлегенін аңғарамыз. Оның үстіне, «шумер» деген аты да қазақтың «шымыр» деген сөзін еске түсіреді. Сол атаудың өзі де «Мен қазақтың сөзімін» деп тұрған секілді. Мұның бәрі қазақтың өзі де, сөзі де өте ежелгі заманнан бері келе жатқанын көрсетеді.
Мұрат Рамзій деген татар тарыйхшысы: «Казахи – корень всех тюркских народов» депті, «Қазақтар – бүкіл түрік халқының түп-тамыры» дегені тарыйхқа жасалған дұрыс сілтеме деп ойлаймын.
Тарыйхшылар сақтың ұрпағы деп құн мен үйсінді, қаңлыны атайды. Бұл үшеуі бір кезеңде мемлекет құрғанын қытай тарыйхының атасы Сыма – Сыйан жазып, аралап та көріп қайтқан.
«Құн» дегенді «хунну», «хун», «гун», «ғұн» деп, әр елдің тарыйхшысы әрқалай атап келеді, «күн» деушілер де кездеседі. Қытай жазбаларында б.д.д. ІІІ ғасырдан біздің дәуіріміздің ІІ ғасырына дейін хунну державасы жайында көп айтылады. Құн імперыйасын құрған Мүде (Мөдэ, Мете, Мөде, Мәдій) шәнүй қытайларға салық төлетіп тұрған. Імперыйа ыдыраған соң, ол бөлшектеніп, ұсақ-ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті: Жетісұуда Сұуан бірлестігі (орысша «княжество Чубань»), Аттила імперыйасы, тағы «он алты жабайы патшалық» IV-V ғасырда қәзіргі Қытай жерінде құрылады. «Чубань – туркское племя. Потомки среднеазиатских хуннов» дейді орыс тарыйхшылары Википедыйада.
Аттиланың құн екеніне ешкім таласа қоймас, ал орысша «Чубань» дегеннің қазақшасы «Сұуан» екеніне сеніңкіремейтіндердің табылыуы мүмкін. Оның үстіне, мен Сұуан болғандықтан, өзіне бұрып отыр деушілердің де табыла қалыуы таң емес. Бірақ V ғасырда сұуан тайпасының біразы Аттила імперыйасының құрамында болғанын дәлелдейтін дерек бар болғандықтан, мен «чубанның» «сұуан» екеніне сенімдімін.
2011 жылы С.–Петербургтен «Аттила» атты кітәп шықты. Ол тұуралы жазылған деректерді жыйнақтап құрастырған – Глеб Благовеценский. Ол бұл кітәпке Аттиланың ордасында екі айдай болған, Аттиланың өзімен сөйлескен, оның қарапайым адам екенін – бәрін жазып кеткен римдік елші Приск Панийскийдің күнделігінен үзінділер келтіреді. Соның 35-тарауында былай делінген: «Христос тұуғаннан кейінгі 468 жыл. Римдіктер мен лаздар сұуандармен қатты араз болатын. Бұл халық (сұуандар?) соғысқа әзірленіп жатқан. Сұуандар тартып алған бекініс ғыймаратқа бола парсылар лаздармен соғыспақ болғанда…» деген дерекке қарағанда (сонда, 252-бет), Аттила заманында сұуан тайпасы болған және Аттиламен ілесіп Еуропаға да барған. Негізі сұуан тайпасының Жетісұуда ұлыс құрыуы да сол заманға сай келеді.
Н.А.Аристов «Усуни и киргизы или кара киргизы» деген кітәбінде: «юебань» деген атты түріктің «ябань», йағный ійгерілмеген дала деген сөзімен байланыстырыушылар бар» дегенді айтады, «Ябань», сірә, «жапан» деген сөз болыу керек. Мәселе бірақ ол сөздің төркінінде емес, оның түрік сөзі екенінде. Қазақ сөзін қытайлар сан құбылтып айтады, бұл сөз де солардың жазыуымен тарыйхқа түскен сөз, сондықтан оның қай сөзден тарағанын тап басып айтыу аса қыйын. Олар Іле өзені мен Арал теңізінің арасында өмір сүріпті (сонда, 86-бет). Аристов юебань мен чубандардың көрші отырғанын да ескертеді. Оның үстіне, «юебань» мен «чубань» қәзіргі үлкен немес ұлы орданың құрамына «адбан» және «суван» (субан, сұуан) деген атпен кіріп отырғанын да айтады (87-бет).
Сонымен қатар, «ши», «чумиши» және «чубань» деген сөздердің Алтайдағы Чу өзеніне қатысты болыуы мүмкін деген де жорамал жасайды. Сонан соң: «Юебанның ұрпақтары Кіші орда чумэкэй, Үлкен орда абдан және чубань аталатын қырғыз-қазақтың ұрпақтары» дейді (87-бет). Шыңғыс ханға 1221 жылы келген қытай дәрігері Чан-Чун осы юебань жерімен өткен дегенді айтады. Аристов 1893 жылдың басында Ұлы жүз құрамындағы жалайырлар 16098 түтін, сұуандар 3632 түтін, абдандар (албандар – Б.Н.) 15426 түтін болғанын, олардың Іле өзенінен Санташққа дейін және қытай шегарасынан Түрген өзеніне дейін жайлағанын жазады. Ол кезде дұулаттардың 24898 түтін болғанын, олардың Іледен Шу өзеніне дейін жайлағанын, олардың жалпы саны 60054 шаңырақ екенін, одан саны 254847-ге жеткенін, ал Сырдария обылысына қарайтын қаңлылар мен дұулаттардың 40 мың үйге жететінін жазады да, бүкіл Ұлы жүз халқы 100 мың үйге, ал адам саны 460 мыңға жетеді деген қорытынды жасайды (сонда, 8-бет).
Ұлы жүз қазақтарының усун (үйсін – Б. Н.) ұрпағы екенін, олардың әлі сол үйсін жерінде өмір сүріп отырғанын жазады (51-бет).
Сондай-ақ Шыңғыс хан балаларына мынадай үлес бергенін жазады: Жошыға 9 мың үй, Шағатайға 8 мың үй, Үкітайға 5 мың үй, Толыға 5 мың үй (сонда, 330-бет).
Бұл дерек Жошыға қатысты қырыуар қаңқыу сөзді жоққа шығарады. Шыңғыс хан оның өз баласы екенін анық білген, сенген және ол сенімін өмірінің соңына дейін сақтаған, сондықтан Жошыға үлесті өзге ұлдарынан артық берген.
Көне қазақ тілінде -ат -іт -т деген жұрнақтар көптік мағынаны білдірген. Мысалы: керей – керейіт, қыйан – қыйат, дұлыу – дұулат т.с.с. Сондықтан Аристовтың «дулу» дегенін «дұулат» деп түсініуіміз керек. Ол: Дулу ханның ордасы, шамамен, Бұғыты мен Сөгеті тауларының төңірегінде болыу керек дейді (221-бет). Ал түріктердің ордасы Тоқмақтан он шақырым жердегі Қара қоныс жерінде болған дейді (232-бет). Біз бұл күнде ол араны Қарақоңыз деп бұрмалап айтып жүрміз. Аристов: «Үлкен Орда» деп жүргеніміз іс жүзінде үйсіндер дегенді де айтады (сонда, 51-бет). Шыңғыс хан наймандарды бағындырған соң сұуандарды шапты дейді тағы (296-бет).
Бұл бұрынғы албан, сұуан, дұулат тайпалары кейін VII ғасырда өмір сүрген Бәйдібек бабамыздың Албан, Дұулат және Сұуан ұрпағымен бірігіп кеткен. Бұл тайпа ХІІ ғасырда Шыңғыс хан (Шыңқұз хан) құрған мемлекетінің құрамына кіріп, Моғолстанды мекен еткен. Ал Әбілғазы бабамыздың «Татарлар жайындағы түп-тұқыйан тарыйхы» атты екі томдық кітәбінде Моғол және Татар атты егіз ұлдың бір елді бөліп басқарғаны айтылады. Моғол да, Татар да қазақ тайпалары. «Моғол» дегенді «моңғол» деп қытай мен орыс тарыйхшылары халха мен ойратқа таңып беріп отырғанына да бірер ғасыр болды. Моғол – моңғолдар құрамына қалмақтардың да еніп кетіуі Бичуриннің қәтелігі екенін, ал, шындығында, моғолдар (моңғолдар) тек олардың бійлеушілері болғанын да Аристов ашып жазады (сонда 138-бет).
Сұуан тайпасы үйсін одағына кіреді. Тарыйхшы Асланбек Қансарбаев үйсіндер өзін «қазақпыз» дегенін айтады. Ата шежіреде Сұуанның Бай және Дай деген екі баласы болғаны, бір жаугершілікте Дай екі баласымен Арал өңіріне кетіп, содан оралмағаны айтылады. Ал Н.А.Аристов өзінің «Усуни и киргизы…» деген кітәбінде (Бішкек, 2001) гірек географы Страбонның Дайлар тұуралы жазғанын айтады (106-бет). Жазыушы Әнес Сарай – Астырахан жерінің адайы. Оған Бай мен Дай жайында айта келіп, «Ән аға, сол Дайдың ұрпағы қайда?» дегенімде, «Шалдың баласы, ол сенің алдыңда тұр» деп еді. Мен өзім қазақтың көне тарыйхын Әнестей терең білетін адамды кездестірген емеспін.
Ал тарыйхшы Қаңсарбаев інтернетте адай тайпасының түпкі тегі Дай тайпасы екенін айта келіп, оның Арал теңізі маңында болғанын және ол тұуралы гірек оқымыстысы Страбонның жазғанын да мысалға келтіреді.
Бұған қарағанда, қәзіргі қазақпыз деп жүрген халықтың әу баста Арыс атты бір баба-ның әулетінен тарауы тарыйхый да, ғылымый да шындық деп ойлаймын. Ақ деген үлкен ұлдың ордасынан тараған ұрпақ өзін Ақ Арыс атаса, Ортаншы ұл Жаннан тарағандар өзін Жан Арыс атап, ал кенже ұл Бек ауылынан тараған ұрпақ өздерін Бек Арыс атап кеткен де, үш жүз – үш йозы – үш ауыл деген – ерте кезден-ақ келе жатқан елміз. Демек сақ та, құн (ғұн) да, түрік те, үйсін де, оғыз да, моғол да, көк түрік те – бәрі қазақ, бәрі Арыс бабамыздың ұрпағы.
Тарыйхта өзінің тегін таба алмай адасып жүрген Тохар деген халық бар. Тохар елін кейбір тарыйхшылар Тохарстан дейді, «стан» деген жұрнақ көне түрік тілінде «ел» деген мағына береді. Бұл ел б.д.д. Тәңіртаудың шығыс жақ бетінде қәзіргі Шығыс Түркістан жерінде өмір сүріпті. Вікійпедыйа да, тарыйхшылар да оның тілі мен қай халықтың өкілі екеніне әлі тыйанақты жауап бере алған жоқ. Көкшіл көзді, сарғыш өңді адамдар болыпты. «Тохар» деген «ет жейтін ел» дегенді білдіреді екен. Олар өзін олай атамапты, «тохар» деп жүргендер – өзгелер. Олар б.д.д. ІІІ ғасыр шамасында Ыйран жаққа ауып, Бактрия алқабына барыпты, вүсін, ейчжи халықтарымен ағайындас болған екен. «Бактриямыз» Бақтыйар елі, «вүсініміз» – үйсін, «ейчжіміз» – Бичуринше, юечжи, түрік Бахетдин Өгел мен қазақ Нығмет Мыңжан, қытай Су – бе – хэйдің (Абай шығармаларын қытайшаға аударған) оқыуынша, «йозы», йағный «жүз», ауыл, аймақ дегенді аңғартатын сөз. Бичуриннің «да юеяжи» дегені – «ұлы жүз», йағный «ұлы йозы» немесе «үлкен ауыл» сөзі. Демек, Тохар да ұлы жүзге жататын ел.
Аристов Бактрия мен Тохарлардың да түрік екенін нақты жазады (107-бет).
Үлкен юечжи (Ұлы жүз) басшысы Кидал хан құндармен бірге батысқа кетеді де, бійлікті баласына беріп кетеді, содан ол ел «Кіші юечжи» (Кіші жүз – Кіші ауыл – Б.Н.) атанып кетеді (106-бет).
Кейбір дерек бойынша, VII ғасырда болгарлар мен сұуандар бірге болған, Кама өзенінің бойында тұрған, тілдері түрікше деп те жазады Аристов (107-бет). Дағыстан елінің Ескі жұрт деген жерінде VII ғасырдан қалған ескерткіш тастан «Абдан, Сұуан, Ботбай» деген жазыу табылғанына қарағанда, Сұуандардың Еділ бойына барыуы шындыққа келеді.
Сондай-ақ жалайырлардың да әр аймақта өмір сүріп жатқанын, алайда олардың негізгі шоғырланған жері Қаратал өзенінің бойы дейді Аристов (330-бет).
Шыңғыс ханның әйгілі қолбасшысы Мұқалының (Муканоян) да осы тайпадан шыққан дейді (330 – бет).
Молдыйар Серікбаев атты карта сызыушы ағамыз: «Созақта Қара Сұуан деген төбе, Тарбағатайда Байсұуан деген өзен бар» депті маған 2005 жылдың 26 шілдесінде. Дүйсенбай деген азамат XIX ғасырдың бір картасын маған салып жіберіпті. Онда Байсұуан деген кісінің Алматы маңындағы Ақсұу өзенінің жанына жерленгені көрсетіліпті. Бұдан қандай қорытынды шығарыуға болады? Кейбірі мекен еткен жерінің, кейбірі елді басқарған адамның атымен аталып кеткен Алаштың, Қазақтың, Арыстың ұрпақтары біресе ана бауырымен, біресе мына бауырымен бірлесіп, солар құрған мемлекеттің құрамында қала берген. Жалпы айтқанда, «Бір атаның баласымыз ғой, қай бауырымызбен болсақ та бірге болайық та, бәрі өз бауырымыз ғой» деген ұғымға бағынған.
Ұлы Түрік қағанатын құрған – Тұмын хан (Бұмын). Оның ұлы – Мұқан. Оны Аристов «Муган» дейді. Оның үш ұлы болыпты, бірінің аты – Кигин. Ол Іле мен Шұудың арасын бійлепті (215-бет). Меніңше, Шығыс Түркістандағы, Алматы обылысындағы Кеген өзенінің аты да осы кісінің есіміне байланысты. Тохар деген, меніңше, сұуан тайпасына келіп қосылған көне қазақ тайпасы. Сұуанның Тоғарыстан аталып жүрген ұрпағы – сол Тохар – Тохар елі – Тоқарыстан – Тоғарыстан. Бұл пікірді алғаш айтқан Қазақ ұнійверсійтетінің оқытыушысы, марқұм Ә.Хасенов деген тарыйхшы. Сұуан тайпасының Тоғарыстан, Бәйтүгей аталатын екі тармағынан тарайтын ұрпақ бұл күнде Жәркент, Орбұлақ өңірін мекендеп отыр. Шежіре бойынша, Тоғарыстан – Сұуанның 32-ұрпағы, йағный екі арада он ғасырдай уақыт жатыр.
Әр кезде Цзин, Мин, Ыйыуан, Тан, Шын аталса да, соның бәрін Қытай халқы дейміз, ал сақ, құн, үйсін, татар-моғол, түрік неге қазақ емес? Бір тілде сөйлеген, бір бабадан тараған ұрпақ әр заманда әртүрлі мемлекет құрғанмен, мемлекеті әртүрлі аталғанмен, бәрінің тегі бір емес пе? Бәрі – қазақ.
Арыстың алты баласы: екі-екіден еншілес-кен Ақ пен Пан, Жан мен Бол, Бек пен Бал – Алты Арыс әрі Алты Алаш, ал қазақтың бүкіл ұрыуы мен тайпасы сол қазақ деген бір халықтың бұтақтары ғана.
Тоқ етерін айтқанда, мысырлықтар (египеттіктер), парсылар және қытайлармен қатар қазақ та ең ежелгі халықтардың бірі. Бүкіл түріктің түбі – қазақ. Түркійе презійденті марқұм Тұрғыт Өзелдің сөзімен айтқанда, Қазақ – түріктердің ата жұрты.
Бексұлтан НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
(Қаламгердің жазу стилі сақталды)