Жексенбі, 18 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді?

10 Мамыр, 2025
Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді?
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгінде Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады. Жаңа қадағалау тетігі дәрінің зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтиды. Бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз.

Таңбалау қандай ақпаратты қамтиды? 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттарда бірегей Data Matrix коды болуы тиіс. Енді әрбір сатып алушы «Naqty Onim» қосымшасы арқылы осы бірегей кодты бірнеше секундта сканерлеп, дәрінің түпнұсқалығы мен заңдылығына көз жеткізе алады. Таңбалау дәрі-дәрмек туралы толық ақпаратты қамтиды: атауы, саны, дозасы, өндірушісі және қозғалыс жолы. Цифрлық таңбалау дәрілік заттар айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп, жалған өнімдермен күресуге және азаматтардың денсаулығына төнетін қауіптерді азайтуға ықпал етеді.

Дәрілерді кім таңбалауы керек? Өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, дәріханалар мен медициналық ұйымдар – дәрілік заттар айналымына қатысушылардың барлығы Тanba тауарларды таңбалау мен қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) жүйесінде тіркелуі тиіс. Тіркелгеннен кейін оларға жеке кабинет ашылады, онда таңбалау кодтарымен жұмыс жүргізіліп, препаратардың барлық кезеңдегі қозғалысы көрсетіледі. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін беру және түзету қағидалары» туралы бұйрыққа сәйкес, шетелдік өндірушілер де отандық компаниялармен тең дәрежеде таңбалау жүйесінде өз бетінше жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, шетелдік компания үшін бірегей кодтарды қазақстандық импорттаушы да тапсырыспен ала алады. Таңбалау және қадағалау жүйесі қалай жұмыс істейді?

Дәрілік заттарды айналымға енгізбестен бұрын өндіруші Бірыңғай оператордан бірегей Data Matrix кодтарын тапсырыспен алып, оларды қаптамаға жапсырады. Осылайша дәрілер туралы ақпарат таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне түседі.

Дәрілік заттардың айналымындағы екінші буын – импорттаушылар мен дистрибьюторлар болып табылады. Бұл кезеңде айналымның қатысушылары алдын ала таңбаланған препараттарды алады. Егер код оқылмаса немесе жүйеде тіркелмесе, мұндай препаратты сатуға немесе пайдалануға рұқсат етілмейді.

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тізбегінің соңғы кезеңінде дәріханалар мен медициналық ұйымдар тұр. Препараттарды соңғы тұтынушыға – сатып алушыға немесе пациентке дәл осы жерде беріледі. Әрбір кезең Бірыңғай оператор жүйесінде есептілікпен бірге жүреді.

Дәріханалар мен медициналық ұйымдар пайдаланатын жүйелер тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Препаратты сатқаннан немесе пациентке бергеннен кейінгі ақпарат Бірыңғай оператор жүйесіне жіберіліп, дәрілік зат айналымнан шығарылады.

Алдыңғы мақала

1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
658
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
645
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.