Дүйсенбі, 2 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстанда әлемдегі үздік камерасы бар HONOR Magic6 Pro смартфоны сатыла бастады

18 Сәуір, 2024
Қазақстанда әлемдегі үздік камерасы бар HONOR Magic6 Pro смартфоны сатыла бастады
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

HONOR жаһандық технологиялық бренді Қазақстанда HONOR Magic6 Pro смартфонын таныстырды. Бұл бүгінгі күні коммерциялық құрылғылардың ішіндегі үздік* камерасы бар смартфон. HONOR Magic6 Pro – бес DXOMARK 2024 алтын марапаты бар әрі фронталды камера, экран мен батарея санаттарында рейтинг нұсқасы бойынша Топ 1 деп саналатын әлемдегі ең алғашқы смартфон.

Джонибек Вэй, Қазақстандағы HONOR аймақтық директоры:

«HONOR Magic6 Pro инженерлік идея шыңы болып табылады, ол Qualcomm және Google іспеттес әлемдік индустрия алыптарымен әріптестікте жасалған. Бұл барлық түйінді көрсеткіштер: өнімділік, камера мен экран сапасы бойынша өз санатындағы үздік смартфон»

Жасанды интеллект қолдауымен мобильді фотографиядағы революция

Перископтық 180 Мп телеобъектив — алғаш рет индустрияда кез келген жақындату деңгейінде фотографияларды мінсіз дәлдеуге арналған осыншалықты жоғары кеңейтілімі бар сенсор пайдаланылады: оптикалық деңгейде – 2,5х, гибридтік деңгейде – 5х, цифрлық деңгейде – 100х-ке дейін.

Ультракең бұрыштық 50 Мп камера — шолу бұрышы 122 градус, бұрмалануларды интеллектуалды тұрғыдан түзету, кескіндерді жоғары дәрежеде нақтылау және 2,5 см қашықтықтан бастап макро түсірілімге арналған автофокус.

H9000 сенсоры бар негізгі кең бұрыштық 50 Мп камера— өлшемі 1/1,3 дюйм болатын Super Dynamic Falcon Camera H9000 HDR сенсоры дәлденуі аса жоғары әрі динамикалық ауқымы кең кескіндерді алуға мүмкіндік береді.

Негізгі камера автоматты түрде түсірілім жағдайларына қарай лайықты f/1.4 не f/2.0 диафрагма мәнін таңдайды. Сонымен қатар, «Кәсіпқой» режимінде сенсорға түсетін жарықтың көлемін, сондай-ақ артқы жақтағы көмескілік дәрежесін дәлірек бақылау үшін қолмен таңдау да қолжетімді болады.

Кәсіби деңгейдегі спорт түсірілімінің алгоритмдері

Sport Portrait инновациялық алгоритмі спортшыларды тіпті серпінмен өзгеретін көріністе де «боке» әсерімен фотоға түсіруге мүмкіндік береді. HONOR Falcon камерасы тез әрі дәл фокустау арқасында кадрдағы адамды аса жоғары нақтылауға және артқы жақты әсерлі дәрежеде көмескілеуге арналған кең бұрыштық және телефото объективтерді пайдалана отырып, бірнеше сурет түсіреді.

HONOR AI Motion Sensing

Жасанды интеллект қолдауымен қозғалысты автоматты қармау. HONOR Magic6 Pro үшін нейрожеліні оқытуға арналған, 28 есе арттырылған жинақ пайдаланылады, бұл HONOR Falcon камерасына адамдарды, кейбір жан-жануарларды, сондай-ақ 10 шақты спорт түрлерін: волейбол, скейтборд, баскетбол, ұзындыққа секіру, гимнастика, ядро лақтыру, теннис, ауыр атлетика, футбол, тхэквондо мен кейбір керілу-созылу түрлерін танып, кадрдағы үздік сәттерді автоматты түрде суретке түсіруге мүмкіндік береді.

Сыйымдылығы 5600 мАс кремний-көміртекті батарея

HONOR Magic6 Pro смартфоны сыйымдылығы ұлғайтылған 5600 мАс болатын, бірақ габариттері мен салмағы елеулі өзгертілмеген, екінші буынды HONOR кремний-көміртекті батареясымен жарақталған. Қоректендірілуін басқару үшін төмен температуралар жағдайындағы жақсартылған тиімділігі бар HONOR E1 дискреттік чипі пайдаланылады, бұл аккумулятордың -20 градус температурада да 40%-ға жоғарырақ төзімділігін қамтамасыз етеді. Құрылғы HONOR SuperCharge 80 Вт-тық аса тез сыммен қуаттауды және HONOR Wireless SuperCharge 66 Вт-тық сымсыз қуаттауды қолдайды.

6,8 дюймдік LTPO-экранның рекордтық сапасы

10 есе төзімдірек HONOR NanoCrystal Shield әйнегі — кристалдардың 50%-ға жоғарылатылған тығыздығы соққы энергиясының 10 есе жақсырақ сіңірілуін қамтамасыз етеді. HONOR Magic6 Pro экраны әртүрлі сценарий барысындағы құлауларға төзімділік бойынша бес жұлдызды SGS сертификатын иеленді. Сонымен қатар, смартфонның корпусы ылғал мен шаңнан IP68 стандарты бойынша қорғалған, бұл смартфонды кез келген жағдайларда пайдалану кезінде жайшылық сезімін қамтамасыз етеді.

4320 Гц ендік-импульс модуляция жиілігі толықтай жылтылдаудың болмауына кепілдік береді, үш TÜV сертификаты экранның қауіпсіздігін растайды, «Баптамалы циркадты түнгі экран» функциясы жасанды интеллект тарабынан қолдауға иеленіп, кешкі уақытта күннің батуына сай ғана емес, пайдаланушылық әдеттерге де сәйкес түс берілісін баптайды, ал жаңа «Табиғи реңк» функциясы түс берілісін интеллектуалды түрде икемдеп, айналадағы жарыққа қарай ақ түс теңгерімін бейімдейді.

Dolby Vision сертификаты — экран сапасы айрықша визуалды әсерлер үшін Dolby Vision сертификатымен куәландырылған. Бұл сертификаттау түстері қанық, контрастылығы жоғары және нақтылануы жетілдірілген жағдайдағы қаралымнан айрықша әсер алынатындығына кепілдік береді.

HONOR Magic6 Pro смартфонының жаңа пайдаланушылары үшін компания алғашқы 180 күн ішінде кепілді емес бұзылулардың кез келген түрінде экранды тегін** ауыстыруды ұсынады.

Керемет өнімділік

Snapdragon® 8 Gen 3 платформасы — бұл процессорлық есептеу өнімділігінің 30%-ға жоғары болуы және графиканың 25%-ға қуаттырақ болуы. Qualcomm® AI Engine қозғалтқышының арқасында HONOR Magic6 Pro смартфонындағы жасанды интеллект технологиялары 98%-ға дейінгі тез әрекеттілік өсіміне қол жеткізді.

Жасанды интеллект технологиялары бар MagicOS 8.0 — Android 14 негізіндегі жаңа операциондық жүйе аса үздік пайдаланушылық тәжірибе жинақтау үшін жақсартылған дизайнға, функциялар мен технологияларға ие болды. HONOR Magic6 Pro смартфоны барлық Google сервистерінің жұмысын қолдайды.

Баға және қосымша опциялар

HONOR Magic6 Pro смартфоны ресми сату орындарында 12 ГБ + 512 ГБ жады пішіндемесінде 669 990 теңге бағасымен қолжетімді. Смартфон сәлбенді жасыл және графитті қара түстерімен ұсынылған. Мамыр айының аяғына дейін HONOR Magic6 Pro смартфонының алғашқы сатып алушыларына 70 000 теңгелік шегерім қолжетімді болады. Сонымен қатар, смартфон алушылар Trade-In*** опциясын да пайдалана алады.

* DXOMARK нұсқасы бойынша, смартфонның сатылымға түсу сәтінде.

** Тегін ауыстыру қызметі 2024 жылғы 18 сәуір — 18 шілде кезеңінде сатып алынған смартфондар үшін қолданылады. Бұзылу себебіне қарамастан бір рет экранды ауыстыруға болады.

*** Trade-In қызметі жеке тұлғалар үшін Breezy әріптес дүкендерінде жұмыс істейді (www.breezy.kz/trade-in.) Толығырақ ресми әріптестердің сайттарынан қараңыз.

Алдыңғы мақала

Аудиторлық іс-шаралар өткізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Киелі мекен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
704
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.