2026 жылдың 2 наурыз күні Панфилов ауданында «Азаматтық бірегейлікті нығайту және заң мен тәртіп тұжырымдамасы» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара өтті.
Іс-шараға білім беру саласының өкілдері қатысты. Кездесу барысында азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, заң үстемдігі қағидаттарын түсіндіру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.











