Жексенбі, 1 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазанкөл қауіпі қалай жойылды?

12 Наурыз, 2024
Қазанкөл қауіпі қалай жойылды?
15
БӨЛІСУ
193
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасының картасына қарап, осындай кең ауқымды жерді біздің батыр бабаларымыз бүгінгі ұрпақтарына аманат еткен. Дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттердің ішінде Қазақстанымыздың жері көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр. Бұл біз үшін шексіз қуаныш, шексіз бақыт! Осы ұланғайыр жерімізді сандаған ғасырдан бері дін аман сақтаған даналарымыз, батырларымыз және халқымыздың тастай берік ынтымағы мен бірлігі.

Сондай батырларымыздың бірі – Ұлы жүздің бас батыры болған Сатай Аққабақұлы. Сөзіміз ғылыми да, тарихи да жағынан дәлелді болу үшін он екі томдық «Қазақ энциклопедиясының» 373-375 беттерінде нақтылап жазылған ғылыми деректерге назар аударайық. Ұлы жүздің ханы – Жолбарыс хан, Ұлы жүздің бас биі – Төле би, Ұлы жүздің бас батыры – Сатай батыр мен Ресей мемлекетінің патшайымы Анна Ивановна қолдарын қойысқан, мөрлерін басысқан мемлекетаралық хаттама мемлекеттік мұрағатта әлі сақтаулы. Ол кездегі бас батыр дегеніміз – қазіргі кездегі мемлекетіміздің қорғаныс министрі. Бұл 1734 жыл, 20 сәуір күні еді. Президентіміздің қолдауымен «Ел  шежіресі» баспасынан комиссия құрамы жиырма тоғыз адамнан тұратын ғылым докторы, ғылым кандидаттары және журналист – жазушылар талдап, зерттеп жазған «Қазақ ханы – Абылай» атты екі томдық кітаптың бірінші томының 125-ші бетінде былай деп жазылған:

Сатай батыр туралы: «Сатай батыр Аққабақұлы XVIII ғасырда қазіргі Панфилов ауданының Сарыбел мекенінде өмір сүрген… тегі Суан руынан шыққан. Әкесі Аққабақ елге сыйлы би болған» делінген. Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор Хамит Мадановтың 1995 жылы баспадан басылып шыққан «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» атты кітабының 83-ші бетінде де нақтылап, ғылыми, тарихи деректермен Сатай батырдың Ұлы жүздің бас батыры, руы – Суан екені дәлелдермен жазылған. Ғылыми, тарихи терең де жан-жақты дәлелдерінен өткен жоғарыда аталған кітаптардағы шынайы шындық Сатай батыр Аққабақұлын Ұлы жүздің бас батыры екенін, руы Суан екенін нақты айқындап берді. «Қаламмен жазғанды балтамен шауып өшіре алмайсың» дегендей бұл сөзде де шындық шымырлап жатыр. Ғалымдардың қаламымен жазылғандардын балтамен өшіре алмайтынымыз айдан анық.

1740 жылдары қазақ жеріндегі қалмақтардың көбін батырларымыз түре қуып тастаған кез еді. Осы сәтте Сатай батыр өзі туып-өскен, кіндік қаны тамған Сарыбел ауылына келіп, өзінің бірнеше жылдан бері көкейінде күпті болып жүрген салмақты ойын іс жүзіне асыруға шұғыл түрде кірісті. Сарыбелдегі өзінің бірінші әйелінің үйінде бір күн демалып, ертесі өзінің қасындағы жеті нөкерімен үлкен Қазанкөлге апаратын жолға суыт аттанады. Қазанкөлге апаратын жолда биік қия жартас әрмен қарай жүретін жолды бөгеп тұрғанын Сатай батыр бұрын да талай рет көріп, осы жолды ашудың ретін сан рет ойының зердесінен өткізіп, осында келіп сол биік қия жартасты тереңнен зерттеді де кешке Сарыбелдегі үйіне келе салып жеті нөкеріне шұғыл түрде нақты тапсырма берді. «Суды шым тоқтатады, сөзді шын тоқтатады» — деген бабаларымыз. Мына, үлкен Қазанкөл халыққа өте қатерлі қауіп төндіріп тұр. Сен төртеуің менің Доланқарадағы жасақтарым жаттығатын жердегі әскери жасағымнан жүз жасақты осында бастап келесіңдер. Ал сен үшеуің осы Сарыбелден тағы да жігіттерді қастарыңа алып, етектен күрек, кетпен, қайла, шой балға, білеу темір, балта, көптеген дағар сатып алып келесіңдер. Бұл тапсырма екі күнде орындалатын болсын!», – деді.

Батырдың әр сөзінен күш пен қайраттың өткір лебі ысылдап тұрғандай сезіледі тыңдаушыларына.

Кемеңгерлеріміз «Сақтықты сұңқардан үйрен» дегендей, Сатай батыр кіші Қазанкөлден үлкен Қазанкөлге аяқ асты тасыған тасқын суды өткізбейтін ұзындығы елу қадам жотаның сандаған жылдардан бері шөге-шөге, жерден биіктігі екі қадамдай қалғанын өз көзімен көріп, аяқ асты бола қалатын алапат тасқын судың өте күшті қаупінен сескеніп қалып еді. Бұл сескену батырға халықтың қамын ойлаудан келген-ді. Егер де бірер апта нөсер жаңбыр сатырлап жауса, оған қосыла осы маңдағы қабат-қабат болып қысы-жазы тастай болып қатып жататын адам бойынан биік мұздықтар күннің күрт қатты ысып кетуінен ери бастаса – судың бәрі кіші Қазанкөлді толтырып, сосын үлкен Қазанкөлге биіктігі екі қадамдай қалған аласа су тоспасынан асып ағары сөзсіз. Онда өте мол су үлкен Қазанкөлді бір күнде суға толтырып, тау етегінен бастап Іле өзеніне дейінгі жерді қамтып отырған мыңдаған отбасыны киіз үйлерімен, малдарымен қоса Іле өзеніне бірақ апарып құя салады. Бұл үлкен қайғы болады. Сатай батыр осы қайғыны болдырмаудың алдын ала білді. Қазіргі күнмен салыстырып айтқанда бүгінгі саудасы дүркіреген Қорғас өңірін, Басқұнша, Алмалы, Пенжім, Төмендегі Пенжім, Алтыүй, Нәдек, Шежін, Ақкент, Ават, Қырыққұдық ауылдары аумағында қоныстап отырған әулеттер түгелімен үлкен Қазанкөлдің алып суынан жоқ болар еді…

Арада екі күн өткенде Сатай батырдың жүз жасақ әскері мен айтылған құрал-сймандары толығымен Сарыбелге жеткізілді. Енді Сатай батыр үлкен Қазанкөлге өтетін жердің су тоспасын биіктеп жасауға шұғыл түрде ұйымшылдықпен кірісіп кетті. Осындай алып апаттың алдын алу үшін жүз әскери жасағы Мыңжылқының сайын, Шатыртасты, кіші Өсекті, Желдіайырықты артқа қалдырып, үлкен Қазанкөлге тура баратын жолдағы биік қия жартастың жетпіс қадамын қашап, аттар жүріп өтетін жол салып, осы жолмен жүз жасағын тізілтіп өткізіп, кіші Қазанкөл мен үлкен Қазанкөлдің су асатын ұзындығы елу қадам, ені он бес қадам, биіктігі отыз қадам жотаны топырақпен, тастармен үйіп жасау керек болды. Кіші Қазанкөлге қаншама тасқын су ағылып келсе де осындай биіктен су аспайтынына көзі мен ақылы толық жеткен Сатай батыр бұл өте жауапты да ауыр жұмысты жүз жасағының күшімен төрт күнде толығымен аяқтап шықты. Сондағы Сатай батырдың қуанышы кәдімгі жау жасағын тас-талқан еткендей дауыстап тұрып та, қуанып тұрып та былай деген екен:

– Жасақтарым! Бауырларым! Сендердің күштеріңізбен Суан елінің бір бөлігін аяқастынан бола қалатын алапат су тасқынынан құтқардық! Енді су тастан асса да, біз жасаған тоспа жотадан аса алмайды. Қорғастың суы қорғасын, ханның да бұзар ордасын. Енді жасақтарым, бұл жеңістерің алда қалмақтың елімізде қалған қалдықтарын тазалауға арналған соғыстағы ірі жеңістеріңе жалғассын! Дендерің сау болып, қазақ жерінде бірде-бір қалмақ қалмасын! Халқымыз тыныштықта мәңгі ғұмыр кешсін!, – дегенде Сатай батырдың үлкен қара көзінен ыстық жас моншақтары атылып шығыпты.

Бұл деректі Сатай руының Қойке, Сарман, тағы басқа да адамдары бүгінгі ұрпаққа жеткізетіндей етіп айтып өткен екен. «Қорғастың суы қорғасын, ханның да бұзар ордасын» деген сөзді Сатай батыр айтқан деп ұрпақтары бүгін де Қазанкөлге барғанда арқырап ағып жатқан Қорғас өзіне қарап тұрып әңгіме айтқанын мен өзім бірнеше рет естідім. «Жақсының сөзі өлмейді» деген осы ғой. Сөзім дәлелді болу үшін кіші Қазанкөл мен үлкен Қазанкөл арасындағы Сатай батыр жасақтарына жасатқан су тоспасының 280 жылдан кейін шөгіп, мүжіліп кеткендігін айқындайтын бүгінгі күні түсірген фото суретті назарларыңызға ұсынып отырмын.

Сатай батыр сол жетпіс қадам тік қия жартасты жасақтарына қашатып жасаған жалғызаяқ жолды бүгінгі күнге дейін халық «Қашама» деп атайды. Осы Қашама жол арқылы малшылар жыл сайын жазда Қазанкөл маңына келіп, мал жайып, демалып қайтып жүр. «Жақсының артында із қалады» деген де осы.

Осы Қашама жолын тастан қашап жасаған және кіші Қазанкөл мен үлкен Қазанкөл ортасындағы су ағатын орынды Сатай батырдың айтуымен биіктетілген жылы – 1740 жыл деген дерек бар. Арада 284 жыл өтті. Сатай батыр биіктеткен үлкен Қазанкөлге су аспайтын жота қазір жерге шөше-шөге, үстін жаңбыр суы шая-шая қазір жерден екі метрдей ғана биікте қалды. Кіші Қазанкөлдің суы қазір үлкен Қазанкөлге ақырындап құйылып тұр. Осы қауіпті алдын-ала зерттеген су саласының ғалымдары нақты ғылыми қорытынды шығарды. Ғылыми қорытындыда бірнеше күнге созылған нөсер жаңбыр мен қалың мұздықтардың өте көп еруінен кіші Қазанкөлден және басқа да сай-саладан үлкен Қазанкөлге өте көп мөлшерде су құйылса өте қауіпті. Сол үшін үлкен Қазанкөлдің аяғына су тоспасын салуды ғалымдар бірауыздан құптап, жобасын жасап көрсетті.

Қақпанкөл, Баскөл, кіші Қазанкөл және үлкен Қазанкөлдердегі судың жиынтығы он миллион текше метр болады. Енді қазіргі Үлкен Қазанкөлдің төмендігі жағынан «Қорғас-1» құрылыс жобасы бойынша он миллион текше метр су қоры сақталатын тоспаның жұмысы 2023 жылы басталған еді. Биыл бұл жұмыс аяқталады. Жобадағы жұмысты аяқтап шығуға отыз миллиард теңге бөлінген. Бұл су тоспасы аяқталғанда кіші Қазанкөл мен үлкен Қазанкөлге құйылатын артық су осында жинақталады. Жаңадан салынып жатқан «Қорғас-1» су тоспасына Қорғас өзеніне және де екі Қазанкөлге құйылатын сулар бір бөлмелі үйдің кеңдігіндей цемент арнамен құйылып тұрады. Үлкен Қазанкөл суға толып кетпейтіндей деңгейде сақталады. Сонда бұл жаңа су тоспасы үлкен Қазанкөлге төнген бұрынғыдай су тасқынының жолын кеседі және де жаңадан салынатын су тоспасына жинақталған он миллион су егістік жерлерді молынан суаруға пайдаланылады. Сөйтіп бұл өңірде «су жетпейді» деген сөз мүлде айтылмайтын болады.

Осыдан 284 жыл бұрын қырық жастағы Сатай батырдың ойының тереңдігі және дәлдігі – бүгінгі ғылымның зерттелген шешімімен дәлме-дәл келіп отыр. «Біреудің өзі батыр, біреудің сөзі батыр» деген сөзді данышпандарымыз не деген дәл айтқан десеңізші! Ал Сатай батырдың өзі де, сөзі де, ақылы да осыған нақты жетті. Қазанкөлдің суының тасқынын осыдан үш ғасыр бұрын сезген және дәл анықтаған Сатай батыр бабамызды көрегеннің көрегені, білгірдің білгірі деп толық та берік сеніммен айта аламыз. Оны ғылымның өзі де айқындап та, дәлелдеп те берді.

«Жаркент-Арасаннан» төрт шақырым төменгі жағында Доланқара деген шағын жота тау бар. Осы таудың жотасында және оның төменгі жағындағы мың гектардай жер Сатай батыр жасақтарын жаттықтыратын әскери алаң болған. Дәл осы жерді ақ патшаның да, қызыл өкіметтің де, қазіргі Қазақстан Республикасының әскерлері де әскери жаттығу өткізетін алаңға айналдырды. Сонда Сатай батыр айқындап, әскери жаттығу өткізген алаң кейінгі үш мемлекеттің де генералдарының таңдауымен дәлме-дәл келіп тұр. Бұл да Сатай батырдың ақылдылығын, көргендігін, даналығын талғамының өте жоғары екендігін ап-айқын көрсетіп тұр.

Садық ЖҰМАБАЙ,

Қазақстан Журналистер

Одағының мүшесі

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Дүнген диаспорасының жиналысы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бірліктен асқан байлық жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
695
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.